Басты бет / Балалар әлемі / Баланы дамыту / Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы

Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы

Бұрын жаз мезгілі бола қалса, балалар таңертеңнен кешке дейін далада ойнап жүруші еді. Ауылда болсын, қалада болсын, балалар үйге тығылып қалмайтын. Қазір ауылды жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар. Ол — компьютер. Оған қоса ойын ойнауға қосымша керек-жарақтарын да сатып алып беріп жататынымыз бар. Бірақ виртуалды әлемді бала миы қанша жастан бастап игере алады, ойланып көрдіңіз бе?

Қазіргі заманда ата-аналардың да ойлары өзгерген. Кеңес үкіметі заманында балаға қуыршақ, ойыншық машина сыйласа, бүгінде электрондық ойындар мен ой өрісін дамытатын дискілер сыйлайды. Қазіргі 2-3 жастағы балалар сурет салуды, түстерді ажыратуды, неше түрлі ойындарды жаттықтырушы компьютер көмегімен үйренуде. «Баланың сауатын ашып, ой-өрісін дамытып жатса, бұның несі бұрыс?» деп ойланасыз.

Бала мен компьютер

Психиатрлар мен С.Тиссерон деген психоаналитіктің айтуынша, компьютерлік технология ересек адамдардың миына арналып жасалған, ал балалардың ой өрісі мен санасы енді ғана қалыптасып келе жатқандықтан, белгілі бір жасқа жеткенше виртуалды және шынайы әлемді бірдей тануға қауқарсыз.

Үш жасқа дейінгі балалар өзінің иіскеу, қармалау, ұстау, тану мүшелерін ынталандырады. Алты жасқа дейін іс-қимыл әрекеттермен әр түрлі заттармен жұмыс істеуді үйренеді. Алты жастан кейін бала зеріге бастайды екен. Сондықтан осы кезде компьютер көмегінсіз өзімен-өзі ойнай алатын әрі ойлай алатынына үйрету қажет.

Жеті жасқа дейін баланың бейне ойындарын шектеу керек: бір күнде 15 минуттан бір рет ойнатуға немесе аптасына 2-3 рет әдеттегіден ұзағырақ 30 минуттан ойнатуға болады.

Арнайы мамандар мен балалар нейропсихологы Н.Ворониннің айтуынша, балаға арналып жасалған компьютерлік ойындар мен программалар бала зейініне, есте сақтау қабілетіне жаттығу болады. Сонымен қатар, үлкендермен әңгімелесіп өзінің сезімі мен әсерленуін айту арқылы шынайы және виртуалды әлемді ажырата алады деген пікірде.

Компьютердің зияны туралы айтар болсақ:
— көздің көру қабілетін төмендетеді;
— омыртқалардың қисаюына әкеледі;
— жүйкеге салмақ түсіреді;
— шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қосымша жағымсыздықтары: бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып «байланады». Мінезі күрт өзгеріп, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын тақырыптарға талпынысы бәсеңдейді. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді сергек жүргеннен гөрі, көбінесе, ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен, мұндай бала ерте ме кеш пе, әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.

Ата-аналар, есте сақтаңыздар!
— үш жасқа дейінгі бала мен компьютер үйлеспейді;
— алты жасқа дейін ешқандай ойын қосымшалары (ойын ойнауға арналған қондырғылар) болмау керек;
— тоғыз жасқа дейін ғаламторға шығу мүмкіндігін бермеңіз;
— он екі жасқа дейін ғаламторды шектеу керек және үлкендердің қадағалауымен болуы тиіс.

Ғаламтордың балаға әсері
Ғаламтор деп отырғанымыз — Интернет. Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын есі білген жастағы бала кем де кем. Жаз мезгілі, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатындығы — ащы шындық. Ғаламтордан түрлі ойындар ойнап, әуендер тыңдап, бейнежазба көруге құмартып алған олар компьютердің жанынан шықпайтын болды. Бүлдіршіндерді компьютерсіз елестету қиын болып бара жатқан сияқты.

Жас балаларға Интернеттің қажеті жоқ
Жас балаларға Интернеттің қажеті жоқ

Күндіз үй көрмей, түнде ұйқы көрмей жұмыс жасайтын ата-аналар үшін компьютер балаларын алдарқататын жақсы құралға айналды. Мамандардың сөзіне қарағанда, осы ғаламтор желісінің бала психологиясына қаншалықты зиян тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді екен. Білсе де одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген. Ал, мұның салдары балалардың толықтай дұрыс дамып өсуіне түрлі деңгейде кедергі келтіреді. Мәселен, қазір ата-аналардың көбі ғаламторда балаларды кішкене күнінен бастап терроризм мен экстремизмге, зорлық-зомбылыққа тәрбиелейтін қара ниетті сайттардың бар екенін біле бермейді. Балаларды сексуалды азғындықтарға үгіттейтін  Интернеттегі ересектерге арналған танысу алаңдарынан хабарсыз. Ал, бұл балалардың денсаулығына да, психологиясына да, жалпы өміріне үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан, әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балаларды осындай кері дүниелерден сақтау үшін шара қолданып, ғаламторды үнемі бақылап отыруы тиіс. Қазір ғаламтордағы сайттарға кіруді реттеп, бақылап отыратын арнайы компьютерлік бағдарламалар бар. Сіз бағадарлама арқылы балаңыздың қандай сайттарға кіріп жүргенін біле аласыз немесе балалар мен жасөсіпірімдерге зиянды деп саналатын сайттарға кіруіне мүмкіндік бермейсіз.

Баланы компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқуға дағдыландырсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.
фотолар: moxiebird.com, download-parental-control-software.com

Ұқсас мақалалалар

Балалардың компьютерді шамадан тыс пайдалануларын шектеу

Компьютердің балаларға зияны

Балалар мен компьютер

Қызықты мақалалар

Баланың қиялдау қабілетін арттыру

Баланың қиялдау қабілетін арттыру

Мен 5 жасар баламның қиялдау қабілетінің мүлде аз екендігін байқап жүрмін. Қалай дамытуға болады? Сұраққа …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика