Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жүкті әйелдің тіс күтімі

Жүкті әйелдің тіс күтімі

image1_570_379_155
Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі жерде құрсағындағы сәбиі де ортақтасады. Бұл болашақ ананың бойындағы жетіспеушіліктің орнын қосымша дәрумендерді қабылдауы арқылы ғана толтыра алады. Темір жетіспеушілігі – анемияға, кальцийдің, фтордың, фосфордың аздығы – сүйек пен тістің босауына, шаштың түсуіне алып барады. Біз бұл мақаламызда адам сұлулығының кепілі – тістерді жүктілік кезінде де қалай сау әрі берік етіп сақтауға болатыны туралы айтамыз.

Тіс – ауыз қуысының бір бөлігі. Тістің беріктігі, ақтығы, саулығы кальцийдің жеткіліктігі мен жеткіліксіздігіне байланысты. Жүкті әйелдер арасында жиі кездесетін қиындықтардың бірі – қызылиектердің қанталауы. Әр тіс жуған сайын щетканың қызыл қанға боялғанын көргісі келетіндер көп емес шығар. Оны жүкті әйел гингивиті немесе пародонтоз деп атайды. Бұл әйел бойындағы гормональды өзгерістер салдарынан туындайды. Жүктілік кезеңінде пайда болған гингивиттен босанған соң толық айығуға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Сіздің тісіңіздің ауыру сипатына қарай қажетті ем-домды жасап береді. Жүктілік иммунды жүйені әлсірететіндіктен ауыз қуысында микроорганизмдердің өмір сүруіне қолайлы жағдай туындайды.

Микроорганизмдер жүрген жерде, бәрімізге белгілі, тіс жегі болсын, қызылиек аурулары болсын, тез қанат жая бастайды. Қайсысын болса да, жедел емдету керек. Тіс жегісін тоқтатпаса, жүйке жүйесінің пульпитіне немесе периодонтитке алып барады. Оны да емдеу қажет. Емдемесеңіз, өзіңіздің ауырғаныңыз былай тұрсын, нәресте ағзасына да инфекциясы түседі, одан болашақта балаңыз аллергиялық ауруларға бейім болады.
Жүктілік кезінде тісті емдеу қажет пе деген сұрақ туындайды. Қажет. Өйткені, енді ғана пайда бола бастаған аурудың алдын-алып емдетпесе, кейінірек емдейтін ештеңе таба алмай қалуыңыз ғажап емес. Қазіргі заманауи техникалар мен құрылғылар жүктілік барысында тісті толық қалпына келтіруге септігін тигізеді. Бұрынғыдай, балаға зиян саналатын рентген аппаратттарының да, тіс емдеу кезінде егілетін дәрілердің де зиянсыз түрлері шығарылған. Тек стоматологқа өзіңіздің жүкті екендігіңізді ескертсеңіз болғаны.

Жүкті кезеңде 9 ай ішінде стоматолог кабинетіне болашақ ана кем дегенде 3 рет бас сұғуға тиіс. Біріншісі – 20 аптаға дейін, екінші рет 20 мен 32 апта аралығында, үшінші рет 32 аптадан соң.
Ал, стоматологқа жиі көрінгіңіз келмесе, тіс проблемаларына ұшырамас бұрын қарапайым ауыз қуысын таза ұстау қағидаларын сақтасаңыз болғаны.

  • Тіс жуу. Тісті кем дегенде күніне екі рет жуу керек. Әр тістің арасын мұқият тазалап, тағамдардың қалдығының қалмауын қадағалаңыз.
  • Әр тамақтанудан кейін сумен шайып отырыңыз.
  • Тіспен қатар тіл, таңдай, ұрттарды да тазалап отырған жөн.
  • Құрамында кальций, фтор, фосфоры мол тағамдарды тұтыныңыз.

Дәрі-дәрмекке қоса, халықтық медицинада қолданылатын мына ем-шараны да байқап көруге болады. 1 шай қасық емен қабығын 1 стакан қайнаған суға салып, суытып қоямыз. Бұл тұнбамен күніне екі реет тамақтан соң ауызды шайып тұруға болады. Аптечкасында түймедақ гүлдері кездеспейтін әйел сирек. Дәл мына тұнба сондай жандарға арналған. Түймедақтың 1 ас қасығын 1 стакан қайнаған суға (оттан жаңа ғана алынған өте ыстық су болмағаны дұрыс) тұндырып қоясыз. Жылы болған кезде сүзіп алып, 1 шай қасық бал қосып араластырған соң күніне кем дегенде 3-4 рет шайып тұруға болады. Гингивиттің алдын-алу үшін қою демделген көк шаймен шайып тұрсаңыз, иек қанауын болдырмайсыз. Стоматит кезінде мыңжапырақтың 1 ас қасығын тұндырып, 15 минуттан соң сүзгіден өткізіп, ауызды шаясыз. Қырмызы, жалбыз, ақ бас жусан шөптерінен жасалған осындай тұнбалармен күніне 3-4 рет және түнде жатар алдында шайып жатсаңыз да, пайдалы.

Абзалы, жүкті болмай тұрып, стоматологқа көрінген дұрыс. Ауыз қуысында пайда болған, яки пайда бола бастаған ауруларды анықтап, алдын-алады. Сіздің ағзаңыздағы кез-келген ауырсыну белгілері балаға да әсер ететіндіктен, барлық тексерулерден мұқият өткен соң ғана балалы болған жөн.

Бірінші триместрде тек тіс жегіден тазалап, пломба салып, тісті тазалау процедураларын жасауға рұқсат берілсе, екінші триместрде рентгенді зерттеулер жасауға болады. Өйткені, бұл уақытта бала ағзасы сыртқы ортадан келетін қауіптерден қорғана алады. Тек арнайы рентген сәулелерінен қорғайтын алжапқышты әйелдің ішіне жабу керек.

Жүктілік кезеңінде құрамында адреналині бар дәрілерді салуға болмайды. Ағарту, протездеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді. Жүктілік – сыртқат емес. Ал, пайда болған дертпен қорқынышсыз күресуге болады. Жүкті әйелдер есте ұстауға тиіс бір қағида бар: Тек сау әйелден ғана сау бала туылады.

Ұқсас мақалалр

Балаңыздың тісі ауырса…

Тісі саудың жаны сау

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек …

22 комментария

  1. Бибінұр

    Мен тісімді жұлдыртып едім 15-16аптада. Енді 3 күннен бері ауруы қоймайды. Фурацилин, тұз, сода, шалфей, ромашкамен шайып жүрмін. Бірақ қатты ауырғанда кетанов таблеткасын ішіп жатырмын. Айнадан көрсем еттің беті ағарып тұр. Ол неден және не істеуге болады?

    • Фариза

      Бибінұр уайымдамаңыз. Ол ак нарсе өздігінен түседі. Мен 1апта жургем жұлдырғасын ауырып. 4 немесе 5 күннен бастап ауруы басылады. Сол ак кызыл ет болғанша. Спазмалгон дарисин кабылданыз. Өте жақсы

  2. Салем. Киндик грыжасы жуктилик кезинде кауыпты ма. Не стеуге болады. Жауабын кутем.

  3. Балнура

    Мен тисимди жулдырдым 5аптада. 3кун температура туспеди неден болуы мумкин жане Тис жулдыру зиянба

  4. Айсулу

    салем. мен енди 5 апта тисиме пломба салдыртсам болама екен? балама зиян емес па

  5. Гулназ

    Құрттаған, сонымен қатар емдеткен тістерімде коп. Казір жуктімін, 5 айдай болып калды. Емдетсем болады ма? Балага зияны жок па? Жауаптарынызды кутемін.

  6. Айдана

    Кешырыныз, айтып жыбересызбе? Менын аяғым ауыр. 23 апта болды. Енды маган акыл тыстерым шыгып жатыр. Кышкене тыс шыккан жер ауырып мазамды алады. Ышымдегы нарестеге зияны жокпа? Алдын ала Рахмет.

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба!
      Ақыл тіс шыққанда ауырсыну сезілсе, уақыт жоғалтпастан тіс дәрігеріне барыңыз. Себебі ауырумен басталған ақыл тіс қисық шығады. Уақыт өткен сайын тіс ауыра береді.
      Әдетте, тіс шыққанда балаға зиян болмайды. Бірақ салдары жаман болмас үшін тіс дәрігеріне барыңыз.

  7. Аида Жолдас

    Сəлеметсизбе? Тісім қатты ауырып жатыр. Жүктілік 18 19 апта. Не істеуге болады? Кетанов ішіп жүрмін зиян емеспе? Қандай дəрі ішуге болады? Миктоб түссе не істеу кетек?

  8. Перизат

    салеметсыздер ме? менын сурайын дегеным екыншы кызыма аягым ауыр кезде ягни 7 айлыгында тысымды жулдырткан болатынмын.екы тыс. содан болды ма деп ойлаймын кызымнын быр екы аягы екы турлы.журысы де быр турлы. жанынан караганда козынын карашагы ышыне карай кырып кетеды. жукты кезде тыс жулу зиян болды ма деп ойладым.неге? осыны ойлап уайымдаймын.биыл 1сын.барада.ап адемы кыз.тек аягы мен козы дурыс емес. не ыстеуге болады?

  9. Гулжазир

    Салеметсиздерме брекет кезінде жүкті болуға боладыма?еш зияны жокпа балага?

  10. Ұлжамал

    Сəлеметсіздерме менде 22-23апта жүктілік кезеңі. Менде тістерім құрттап еді дёсналарым ісіп енді қатты ауыртып жатыр жұлдыруға және емдеуге болады ма

  11. Мөлдір

    Сəлеметсіздер ме? Менің қояр сұрағым. Мен жүкітілігіме 5-6 апта болып қалды. Содан ақыл тісімнің іші шіріген сол тісім қатты ауырады. Осы тісімді жұлдыртсам болама?

  12. Ақжайқын

    менің екіншіге аяғым ауыр 24апта болдык Тісім ауыртып бара жатыр.Жұлдыруға бола ма?азу тісім құрттап кеткен содан болар

  13. нуржайна

    салем.тисиме босанганнан кейн салкын тип еди.12 кун болд босанганыма.аурад тистерим казирден бастап не истеуге болады

  14. Айгерим

    Салеметсизбе? Аягым ауыр 17 апта. Акыл тисим шыгып катты мазамды алды. Акыл тис шыкканда катты ауырып мазаны алады ма? Ауырганда кулакгыма дейн аурады. Уй жагдайында не истесем болады? Отиниш жауап бериниздерши

  15. Маншук

    Салеметсідерме?? менің кулагым касында тамырлар ауыра береді кулагмды косып шагым дарі ішуге болама бастын не истерімді блмей тунімен уйктамадм басым жарылуга тайап дари зиянба ишсем айтынздарш отинемин жауап кутем

  16. Ақыл тіс емес менде солай ойлап жүрдім сөйтсем шірік тісім екен ауыртып жүрген құлағыма дейін.Содан жұлдырып танышталдым енді емдеткен тісім ауырып жүр????????????????

  17. Гулжамал

    9ай болды. Но менде ешқандай белгі жоқ босануға деген. Тісім ауыра бастады енді????

  18. Гулжамал

    Не істесем болады?

  19. Гулданa

    Айгерим,акыл тисте солай ауыртады менде 8 апта болганда ауырып исип кетти бетим тис етти жарып шыгамга дейин солай ауырады екен бетин тилдирттим шыгып келе жаткан тистин содан маздар жагып ем алдым жаксы болды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика