Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыра, пиво, сыраның суреті, пивоның фотосы
Сыра. Фото: Nikola Bilic/shutterstock

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады?
Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы спирттен тұратындығын және ішілетін сыраның мөлшерін анықтау керек. Көп сыралардың бір стаканында (0,2 л) шамамен 8-12 грамм спирт болады. Ал 0,5 литрлік шөлмегінде 20-30 грамм спирт болады.

Жүкті әйелдердің сыра ішуіне бола ма?
Жалпы, сыра ішуге болмайды. Ал өте аз мөлшерде ішу турасында дәрігерлердің пікірлері екі түрлі. Сыра ішуге бола ма, болмай ма, ол жағы өте тартысты мәселе әрі әр адам үшін әр түрлі. Мысалы, кей әйелдердің сыра ішуіне болмайды. Оның себебі әйелдің денсаулығына байланысты немесе, дені сау болса да, ішімдіктерге деген діни көзқарасына байланысты. Сыра ішетін әйелдердің қандай мөлшерде ішетіндіктері де сыра ішудің зияндылығын немесе елеусіз екендігін анықтап береді. Көп ішкен жағдайда, зиянды болатыны сөзсіз.

Мен сыраға қатты жерік болып жүрмін. Аздап ішуіме бола ма?
Бұл сұрақтың жауабын дәрігер мамандар әр түрлі береді, ал кей әйелдер болса өз беттерінше әртүрлі шешім қабылдайды. Шешім қабылдауға жоғарыда сұрақта айтылған жағдайлар әсер етеді.

Дәрігерлердің екі түрлі пікір білдіруінің себебі: сыраның құрамындағы аз мөлшердегі спирттің жатырдағы балаға зияны тимесе де, әйелдің бауырын зақымдай алады. Бірақ бұл «жатырдағы сәбиге аздаған мөлшердегі сыраның зияны жоқ» дегенді білдірмейді. Әр әйелде әрқалай.

«Алкогольсіз сыра ішсе, зияны болмайды» дейді. Осы рас па?
Жоқ, олай емес. Құрамында спирті жоқ деген «алкогольсіз сыра» атанған ішімдіктердің құрамында аз мөлшерде спирттің болатындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Демек, күмән бар.

Аяғы ауыр әйел неге сыраға құмартады? Себебі неде?
Сыраның құрамында B дәрумендер тобына кіретін дәрумендер бар. Осы дәрумендердің жетіспеушілігінен жүкті әйелдің сыраға құмартуы мүмкін.  Мұндай жағдайда сырадан бас тартып, құмарлықты жеңу үшін өзіңізді шектеуге тура келеді (қанша қиын болса да), немесе сыраның құрамындағы дәрумендердің орнын толтыра алатындай балама сусын немесе жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланасыз.

Жүкті әйелдердің бұрын-соңғы ішіп немесе жеп көрмеген сусындары мен тағамдарына жерік болуының сыры ойының сол заттарға мән беруінде жатса керек. Өйткені атын естіп, тек суреттен ғана көрген тағамдарына да жерік болатындар бар.

Мен ешқашан сыра ішкен емеспін. Бірақ аяғым ауыр болғалы сыра ішкім келіп, әрең шыдап жүрмін. Егер бір стақан сыра ішсем, кейін ішкім келмей қалар ма екен?
Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Себебі әр әйелде жағдай әр түрлі болады. Біреулері үшін сыраны бір рет ішумен құмарлық басылса, кей әйелдер үшін күнделікті ләззат алатын сусынға айналып кетуі ғажап емес.  Күнделікті немесе жиі-жиі сыра ішудің зияны міндетті түрде болады.

Қызықты мақалалар

Он айлық сәбидің тек емшек емгені дұрыс па?

Менің қызым 10 айлық, әлі күнге дейін бір емшегімді ғана емеді, басқа қосымша тамақты тіпті …

2 комментария

  1. Макпал

    Салем мен жаkнда хгч анализ тапсрдм результат 6,7 деп тур ол eтеk kiрiмнiн keлген бipiнши kуни тапсрган едiм содан keйн етеkkipiм аз аздан алi kелiп жур неiгiзi 3 kун Гана kелетин kеше ишим kaтты аурдi толгаk сияkтi бул не болуi мумkин отинем жауап жaзнзшi

  2. Айдана

    Жукти айелдердин саумал ишуине бола ма? Зиян емес пе?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика