Науқас сәбидің күтімі

Науқас баланы қалай күту керек екенін әр ана жақсы білуге тиіс. Сырқат, ең алдымен, баланың мінез-құлқына әсер етеді: сәбидің мазасы кетеді, тамақтан бас тартады, қолдан түспейді, бей-жай күйге түседі. Мұндайда оның температурасын өлшеп, төсекке жатқызады да, дереу дәрігер шақырады. Ауырған баланы емханаға апаруға, дәрігер келгенше дәрі-дәрмек беруге болмайды. Баланың іші ауырса, оған айрықша мән беру керек. Өйткені мұндайда ішке грелка басу, іш жүргізетін дәрі-дәрмек беру өте қауіпті. Егер баланың іші өтсе, құсса, дәрігер келгенше тамақ беруге болмайды, тек қайнатылған су немесе шай ішкізу керек. Баланың құсығы мен дәретін дәрігер келгенше сақтап қойған жөн.

Дене қызуы бар ауру сәби
Дене қызуы бар ауру сәби. Фото: ice-epilepsy.org

Науқас баланың, әсіресе, температурасы жоғары болса, ұйқысының тыныштығын сақтап, жанына жайлы жағдай жасаудың маңызы зор. Төсегін жарық жерге қою керек, бірақ күн сәулесінің баланың бетіне тура түспеуі тиіс, төсек-орнын күн сайын алмастырып, көрпе-жастығын жел қақтырып отырады. Науқастың төсегінің жанына кішкентай үстел немесе тумбочка қойған жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет желдету керек. Ал қыста бөлмені желдеткенде баланың үстін жапқан корпені бөлменің іші жылығаннан кейін алу керек.

Науқас баланы тамақтандыру

Баланы дәрігердің кеңесі бойынша тамақтандырады. Сәбидің асқа тәбеті төмендесе, онда тағамды аз-аздап, бөліп-бөліп ішкізеді, сәбиді зорлап тамақтандыруға болмайды. Емшектегі бала ауырғанда құсса, сауылған емшек сүті мен қайнатылған су береді. Сырқат балаға әсіресе дене қызуы жоғары болса, суды жиі ішкізу керек. Ал асқазаны бұзылып, ол іш ауруына ұласса, ояу кезінде әр 15-20 минут сайын аздап су ішкізеді.

Науқас баланың гигиенасы

Сондай-ақ науқас баланың тазалығына зор мән беру керек. Қайнатылған суға малынған мақтамен баланың бетін, мойнын, құлаған терісінің қатпарланған жерін сүртіп, қолын күніне бірнеше рет жуады. Баланы дәретке отырған сайын жуындырып, одан кейін вазелин жағады. Егер дәрігер рұхсат етсе, гигиеналық ваннаға түсіру керек.

Бала денесінің қызарып, баздануын болдырмас үшін оны бір жамбасынан екінші жамбасына жиі-жиі ауыстырып жатқызып отырған жөн. Сәбидің көзін күн сайын таңертен 1 немесе 2 проценттік бор қышқылымен сүртеді (самайынан бастап, мұрнына қарай). Ал көздің шырышты қабы қабынып, ірің аққанда, баланы жамбастатып жатқызып (көзі ауырған жағына), жастығының үстіне бір не бірнеше қабат мата төсейді. Сондай-ақ танауынан су ақса, дәкемен немесе жұмсақ шүберекпен сүртеді. Одан кейін мұрнын тазалап, май жағып, артынан дәрі тамызады.

Баланың жоғарғы тыныс жолдары ауырғанда екі жақ бүйіріне кезек-кезек алмастырып жатқызады; мүмкін болса, баланы қолға алу керек, бірақ тыныс алуын қиындатпау үшін оны қыспай, бос ұстау қажет. Тері ауруларына шалдыққанда іш киімін міндетті түрде қайнатып алып, одан кейін үтіктеу керек. Ауырған жеріне сұйық дәрі жағу үшін дәке немесе таза матаны пайдаланады, дәкені төрт бүктеп, дәрі ерітіндісіне малып алып, ауырған жердің үстің бастырып тартады. Шүберекті алмай-ақ әр 20 минут сайын оның үстіне пипеткамен немесе қасықпен дәрі тамызып отыру керек. Ал май жаққан таңғышты ауыз бен мұрын және көзге тура келетін тұсынан тесік жасайды да, екі ұшын желкеден байлайды.

Сырқат балаға сұйық дәріні қасықпен ішкізеді де, таблетканы ұнтақтап, суға ерітіп береді. Ащы дәріге аздап тәтті қосады, немесе қант қосқан шаймен ішкізеді.

3 жасқа дейінгі балалар ауырғанда (әсіресе емшектегі балалардың), көбіне іші кебеді және бүріп ауырады. Мұндай жағдайда баланың кіндігін айналдыра сағат тілі бағытымен 2-3 минут массаж жасау керек. Массаж жасағанда қолға вазелин немесе сары май жағады.

Баланың денесін жылыту қажет болғанда резеңке грелканы пайдаланып, оған құйған судың температурасы 50-60°С-тан асырмау керек. Ал жылы компресс жасау үшін бінеше қабатталған таза матаны немесе дәкені температурасы 40-45°C жылы суға малып алады.

Қызықты мақалалар

Сәбиіңіз сау болсын десеңіз

Сәбиіңіздің дені сау болу үшін

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика