Соңғы гестоз

Жүктілік гестозы, Гестоз беременных, Жүктілік гестозы ауруы, Гестоз беременных фото,Соңғы гестоз – көбінде жүктіліктің үшінші триместрінің басында пайда болатын, жиі кездесетін аса қауіпті ауру. Бұл аурудың «соңғы токсикоз» деген балама атауы да бар. Негізінен, гестоз ағзада өзгерістер болып жатқанда пайда болады, болашақ ана мен бала үшін өте қауіпті.

Гестоздың белгілер: Гестоз жүктіліктің 16–20 апталарында пайда болып,  үшінші триместрде (28 аптада) байқала бастайды. Бұл кезеңде ағзада болатын өзгерістердің салдарынан, шаранада бір заттар пайда болады. Бұл заттар тамырларда микротесіктер жасайды. Осы тесіктер арқылы денеге сұйықтық пен ақуыз плазмасы өтеді. Нәтижесінде жүкті әйелдің денесі ісінеді. Бұл ісінулерді алғашқы уақытта көзбен байқау мүмкін емес. Алайда, зәр сараптамасы арқылы оңай анықтауға болады.

Ұсақ тесіктер бүйрек тамырларында пайда болады. Сол себепті зәрдің құрамында ақуыз мөлшері көбейеді. Тесіктер саны көп болған сайын аурудың қаупі артып, әйел көп ақуыз жоғалтады. Жүктілік кезінде дәрігерлердің зәр сараптамасын жиі жасау себебі де осыда. Бұндай сараптамалар тез арада диагноз қойып, емделуді жылдам бастауға көмектеседі.

Тамырлардағы сұйықтықтың жоғалуы салдарынан қалған сұйықтықты айдау үшін ағзада артериалды қысым жоғарлайды. Осылайша қанның қоюлануынан қан тез ұйығыш болып, тромбалар пайда болуы мүмкін. Әйел біртіндеп салмақ қосады. Бұл — өте қауіпті, гестоздың ең ауыр түрі. Себебі, тек қол-аяқ пен бет, шарана ғана ісіп қоймай, сонымен қатар, бастағы миға қан кету қаупі бар. Бұл кездегі ауру белгілері: бас ауырады, жүрек айнып, көзге ұсақ жылтыраулар көрінеді, әлсіздік басым болып, асқазан аймағы ауырады. Бұл белгілер, әдетте, тырысқақ ұстамасы басталардан бірнеше сағат немесе минуттар бұрын басталады.

Кеш гестоз жағдайында уақытылы көмек көрсетілмесе, ана мен бала өлімімен аяқталуы мүмкін. Мұндайды преэклампсия деп, ал ұстаманың өзін эклампсия деп атайды. Ұстаманың соңы — инфаркт, инсульт, өкпенің домбығуы, шарана мен көздің мөлдір қабатының қабаттануы. Бауыр мен бүйрек жетіспеушілігімен аяқталуы да мүмкін. Мұндай өзгерістер өзін дені сау әрі жас санайтын әйелдерде де кездеседі.

Гестоздың пайда болу себептері мен мехнизмі

Бүгінгі таңда бұл дерттің пайда болу себептері әлі толық әрі нақты анықталмаған. Гестоздың пайда болу себептері әр түрлі. Гетоздың пайда болып дамуына қатысты бірнеше теориялар бар.
● Ми қыртысы мен ми қыртысы астындағы жүйелердің арасындағы қатынастың бұзылуы. Бұл тамыр жүйелерінде өзгерістер пайда болып, қан айналымының бұзылуына алып келеді.
● Сонымен қатар маңызды ағза мүшелері мен жүйелер қызметінің гормоналды реті бұзылғандықтан да болуы мүмкін.
● Тағы бір себебі, сәби мен ананың тканьдерінің бір – біріне иммунологиялық сай келмеуі.
● Ғалымдардың бір тобы, гестоздың пайда болуын тұқым қуалаушылықпен байланыстырады. Яғни кейбір әйелден, бастан гестозбен ауыруға бейім келеді дейді.
Алайда зерттеушілердің көпшілігі, гестоздың пайда болып дамуына ықпал ететін қатып қалған мехнизмнің жоқ екендігіне тоқталады. Әр әйелдің ағзасының өзіне тән ерекшеліктері мен бейімділіктері болады.
Пайда болу мехнизміне қарасты, маңызды болып саналатыны, барлық тамырлардың тарылуы. Нәтижесінде ағзада қан айналымы бұзылып, қызметі нашарлайды. Тамырлардың тарылуы салдарынан, артериалды қысым да жоғарылайды. Аса маңызды факторлардың біріне, тамырлардың ішкі қабаты – эндотелидің зақымдалуын жатқыжуға болады. Эндотелидің зақымдалуы, ондағы заттар синтезінің төмендеуіне алып келеді. Ал бұл өз кезегінде тамырлардың тонусына әсер етіп, онда тесіктердің пайда болына соқтырады.
Гестоздың алдын алу. Жүкті әйелде бұл дерттің пайда болмауына жол бермеу үшін, әдетте дәрігерлер салмағын өлшеп, зәр сараптамасын жиі тексереді және артериалды қысымын жиі өлшеп тұрады. Бұл шаралар гестоздың бар екендігін ерте анықтап, кешікпей емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Алдын алу шаралары жүктіліктің екінші триместрінен басталуы керек. Гестоз пайда болу қатері төніп тұрған әйелдерге келесілер жатады: 35 жастан асқан әйелдер, бірінші жүктілігі немесе егіздерге жүкті болған әйел, созылмалы аурулары бар ( қант диабеті, гипертония, семіздік, пиелонефрит ) әйелдер, сонымен қатар жыныстық инфекциялары бар әйелдер.

Гестозды емдеу

Гестозды емдеудегі негізгі ұстанымдарға: емдеу және қорғау тәртібін орнатып, өмірлік маңызды ағза мүшелерінің қызметін қайта қалпына келтіруді жатқызуға болады. Әдетте төмендегі шаралар қолданылады:
• Орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсарту;
• Артериалды қысым деңгейін төмендету;
• Қанның реологиялық, волемиялық және коагуляциялық сипаттамаларын жақсарту;
• Антиоксидантты терапия және жасуша жарғақшаларын жақсарту;
• Сулы-тұзды алмасуды реттеу;
• Зат алмасу процесін жақсарту;
• Іштегі сәбидің гипоксиясы (ауа жетіспеушілігі) мен дамуындағы тежелулердің алдын алу.

Емделу уақыты гестоздың түрі мен сәбидің жағдайына байланысты. Әдетте, гестоздың жеңіл түрі болса, 2–4 апта, ал ауыр түрі болған жағдайда, жүкті әйел босану уақытына дейін дәрігерлер қарамағында болуы тиіс. Емделуден еш нәтиже шықпаған жағдайда, жүкті әйелдің кесар тілігі әдісімен босануы мүмкін.

Гестозға шалдыққан әйелдің тамақтануы

Зәр сараптамасында көп мөлшерде ақуыз анықталса, күнделікті тамағына құрамында ақуызы көп тағамдарды қосу керек. Олар: тауық еті, сут тағамдары және т.б. Ащщы және тұздалған, майлы тамақтан бас тартып, белсенді өмір үлгісін алып жүру керек. Жүктілерге арналған фитнеске барып, таза ауада жиі жаяу серуендеңіз.

Ұқсас мақалалар

Кеш токсикоз (соңғы токсикоз)

Ерте токсикоз

Жүктілік гестозы ауруы

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Қызықты мақалалар

Балалар арасындағы пневмания

Балалар арасындағы пневмания

Пневмания немесе өкпенің қабынуы— түрлі вирустардың, бактериялардың, паразиттердің, микроорганизмдердің әсерлерінен пайда болған өкпе инфекцияларына қатысты ортақ …

бір пікір

  1. салеметсиз бе.менин сурайын дегеним.менде 2рет зб болды.осынын себеби гестоз.осыдан кейин мен балалы бола аламын ба.менде мулдем бала жок.осы жагдай кайталанбауы ушин не истеуим керек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика