Басты бет / Жүктілік & босану / Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Ұрық қабы, Амниотикалық қапшық, Ұрық қабының ертерек жарылуыЖүктілік соңына жетіп, босану процесінде ұрықты тоғыз ай бойына қорғап, қағанақ суын сырттай қоршап, сыртқа ағып кетуден сақтап келген қабықшаның жарылатын уақыты келеді. Қабықша жарылғанда су ағады.

Мамандардың келтіретін деректері ұрық қапшығының жарылуына көп жағдайларда әлеуметтік жағдайы төмен және жалғыз өмір сүретін әйелдердің душар болатындығынан хабар береді.

Босанудың алғашқы кезеңінде, әйел толғатып жатқанда ұрық қабы жатырдың ішкі ауызына сынап ретінде еніп, ары қарай жатыр мойнына өтеді. Қабықша қалыпты жағдайда жатыр мойыны қабырғаларынан болатын қысымға қарамастан алғашқы кезеңде бүтіндігін сақтап тұрады да екінші кезеңде (жатыр мойыны 6-7 см-ге дейін ашылғанда) жарылады. Егер аталған қабықша толғақ басталғанда немесе босанудың алғашқы кезеңінде жарылса, мерзімінен бұрын жарылған болып есептеледі. Ұрық қапшығы жарылғанда оның ішіндегі сұйықтық сыртқа ағып шығады.

Болашақ сәбиді қорғап тұратын қабықша үнемі босану барысында жарылмайды. Кейбір жағдайларда жүктіліктің ерте және орта кезеңдерінде жарылса да ешқандай белгілері байқалмайды. Егер 22-ші аптадан кейінгі кезеңде жарылса, дәрі-дәрмектердің көмегімен қауіптің алдын алуға мүмкіндік бар. Қауіптің алдын алу дегеніміз толық жетілмеген ұрықтың өкпесін жылдамырақ жетілдіру.

Ең өкінішті жағдай — ұрық қабықшасының жүктіліктің 22-ші аптасына дейінгі аралықта жарылуы. Мұндай кезде ұрық тіршілігін тоқтатады.

Ұрық қапшығының ерте жарылуы несімен қауіпті?
Қапшық қағанақ сұйықтығын қоршаған қабықшадан тұрады, ал су ұрықтың тіршілік етуіне жағдай туғызады. Егер жатырда жатқаннан бастап тіршілік көзі саналатын су болмаса, ұрық тіршілік етуін тоқтатады. Одан басқа мысал келтірер болсақ, ұрық қабықшасы аздап тесілсе немесе аздап қана жарылса, ішке қауіпті індеттердің өтуі ықтимал.  Өйткені жатырға жақын орналасқан мүше — қынапта неше түрлі қоздырғыштар болады.

Сақ болыңыз!
Ұрық қапшығының зақымдануы салдарынан болатын аз мөлшерде сұйықтық бөліну жағдайларын жүктіліктің соңғы кезеңінде болып тұратын еріксіз зәр жіберіп қою мен қынаптан сұйықтық бөліну сынды жағдайлардан айыру өте қиын. Сондықтан қынаптан сұйықтық ағып шыққанда оның мөлшеріне қарамастан дәрігеріңізге қаралыңыз. Сұйықтықтың шығу себебін анықтайтын адам сіз емессіз. Дәрігер арнайы биохимиялық тест арқылы қынап аймағында қағанақ сұйықтығының бар-жоқтығын анықтап береді.

Ұқсас мақалалар

Босану қалай өтеді?

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босануды жеңілдететін медициналық шаралар

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика