Басты бет / Жүктілік & босану / Ораза кезіндегі жүктілік және бала емізу

Ораза кезіндегі жүктілік және бала емізу

Айлардың сұлтаны, Құран түскен Рамазан айы келгенде исі мұсылман жан әрбір тынысының сауабы мол екенін біліп қуанатыны белгілі. Тирмизи жеткізген хадис шәрифте пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Себепсіз рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды» — деген сөзінің мәнін ұққан қайсыбір жан Рамазан айының оразасын ұстауға құлшынып тұрады.

Иә, дегенмен осындай сауапты үміт етіп, бірақ ораза ұстауға шамасы келмейтін қарттар, кейбір ауру-сырқаттар сияқты кісіге қиыншылық тудыратын жағдайлар да жоқ емес. Сондай жәйттің бірі аяғы ауыр жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі сәбилі ананың ораза ұстау мәселесі. Мұндай нәзік жанды аналар денсаулығы жараса оразаның сауабынан үміт етіп оразаларын ұстайды. Алайда өзіне не сәбиіне зиян келетін болса, сол уақытта ораза ұстамауына шариғат рұқсат еткен. Жалпы, қандай да бір аурумен сырқаттанғандар (кейіннен жазылған жағдайда), сапарда жүргендер (сапардан оралғанда), хайыз[1], нифас[2] секілді үзірлі жағдайдағы әйелдер (ораза біткеннен кейін), жүкті және бала емізетін әйелдер (емізулі кезеңнен шыққанда) оразаларының қазасын өтейді.

Құранда Аллаһ тағала:

أَيَّاماً مَعْدُودَاتٍ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضاً أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ فَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْراً فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ

             «Оразаның күні санаулы. Сендерден біреу ауру болып немесе жолаушы жүріп (ораза ұстамаса), кейін сол күннің орнын толтырсын. Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер, яки әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай фидя[3] берсін. Кімде кім (көрсетілгеннен) артық берсе тіпті жақсы. Білсеңдер, сендер үшін (ауыз ашық жүруден, садақа беруден) ораза ұстағандарың әлдеқайда жақсы»[4] деген.

Бұл аятты ауру болғандар мен сапардағыларға жеңілдік беріп, оразасын кейін өтеулерін рұқсат етіп жатқан болса, Имам Бұхаридің кітабында «Әйиамән маъдудат» (Санаулы күндер) атты бабында:

الْمُرْضِعِ أَوْ الْحَامِلِ إِذَا خَافَتَا عَلَى أَنْفُسِهِمَا أَوْ وَلَدِهِمَا : تُفْطِرَانِ ثُمَّ تَقْضِيَانِ

            «Емізуші немесе жүкті (әйел) өзіне не сәбиінен (зиян келеді деп) қорықса: Екеуіде аузын ашады сосын (уақыты келгенде қазасын) өтеп береді» — делінген.

Анас ибн Малик әл-Каъби жеткізген хадисте:

إنَّ اللَّهَ عز و جل وَضَعَ عَنْ الْمُسَافِر الصَّوْمَ وَ شَطْرَ الصَّلَاة، وَعَنْ الْحبلى وَالْمُرْضِعِ  الصَّوم

«Расында Ұлық та Құдіретті  Аллаһ жолаушыға ораза ұстауды, намаздың жартысын орындауды міндеттемеген. Және жүкті әйелдер мен емізуші әйелдерді де ораза ұстаудан босатқан»[5] деген.

Ұзаққа созбастан тағы бір Ханафи мазхабымыздың пікірін келтіре кетейік.

Әбу Бакр Жассас өзінің «Әхкәмул Қуран»ында Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірген хадистің «жүкті әйелдер мен емізуші әйелдерді де» деген сөзіне былай дейді:   «Екеуіне (жүкті және емізуші әйел) рұқсат етуі өзіне немесе сәбиіне зиян келетін болғандықтан екені мәлім»[6] — деп келтірген.

Денсаулығына немесе сәбиге зиян келетін-келмейтінін, немесе кімде-кімнің қандайда бір ауруы болса жақсы дәрігер арқылы анықтап алу қажет. Толық сенімді болуы үшін сенімді дәрігерден кеңес алса құба-құп екеніне ислам ғалымдары кеңес береді. Барлығы жақсы болса, онда ораза ұстағаны абзалырақ.

Аллаһ ұстағандардың оразаларын қабыл етіп, жұмақтың «Райян» атты тек ораза ұстағандар ғана кіретін қақпасынан кіруді нәсіп етсін, себептермен ұстай алмағандардың ниетін қабыл етіп, ұстауға деген ниеті үшін өз мейірімін жаудырсын! Әмин!

Жеңіс Әбибуллаұлы,

дінтанушы

 


[1] Етеккір — әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан. Хайыз ханафи  мазһабы бойынша, шамамен  9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады. Хайыз болған әйел намазы мен оразасын дереу доғарады.
[2] Нифас — әйел адам босанғаннан кейін пайда болатын қан. Мұның белгілі бір мерзімі жоқ. Ханафилер бойынша, Нифастың ең ұзақ уақыты — қырық күн.
[3] Фидия – күніне таңертең-кешке бір кедейді тамақтандыру.
[4] «Бақара» сүресі, 184 аят.
[5] Хадис имамдарының бесеуі риуаят еткен, Тирмизи «хасан» (жақсы) деп келтірген. «Ъила әс-сунан»  9 – том, 155 бет.
[6] «Әхкәмул Қуран»  1/244, Әбу Бакр Жассас

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы …

20 комментариев

  1. Салеметсизба мен оразаны ниеттенип устап бастадым оразанын 2 куни аягым ауыр екенин билдим айдын аягына дейн жаксы журип шилде айы басталганан журек айну басталды мен тек бир куни кускым келип киналп шыкпагасын колымды салып кустым сойтип оразамды буздым ягни аузымды ашып жибердим сиздерден сурайн деген енди бул кун карыз боладма 2 3 кун аузым ашып карыз кылсам болама ойткени кунде танертен журегим айнып кусалмай киналам сосын карыз кылып отесем боладма осыны билгим келеди

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Оразаңыз қабыл болсын!
      Әдейі құсқан жағдайда кейін оразаның қазасы өтеледі. Ал себепсіз 2-3 күн оразасыз жүруге болмайды. Ол күндері де ораза ұстаңыз. Егер денсаулық жағдайына байланысты қиындықтар туып жатса, онда аузыңызды аша саласыз.

      • Салеметсиздерме! Ниеттенип ораза устадым! Бирак оразанын тортинши куну аягым ауыр екенин билдим. Оразаны жалгастыруга болама? Жауап кутем!

  2. муслима

    Ассаламуалейкум. Ауызым бекітулі. Бирак бала емізсем болады ма

    • Мадина

      Саламатсиз бе мен бала емиземин бирак балам косымша тамак ишеди ораза устауга бола ма, баланы кундуз емизуге бола ма?

  3. муслима

    Ассаламуалейкум. Мен емізулімін. Бирак ораза ұстадым. Енди бала емизсем болады ма ораза болсамда

  4. Айгерим

    Селаиатсыз ба бала емиземин осы жылы ораза устасам бола ма.ауызды бекитип баланы емизе берсем бола ма

  5. Куралай

    Салеметсиздер ме. Менин ораза устагым келеди бирак бала емиземин. Устауга болады ма?

  6. рехангуль

    Саламатсызба. Мен бала емгизем маған ораза устауға болама

  7. Айдана

    Ассалаумағалейкүм. Менин балам екиде мен алиде емизем. Емизип ораза устай беруге болама…?

  8. Куралай

    Сәлеметсізбе? 1апталық жуктілік кезінде ораза устауға боладыма?

  9. Сәлеметсіз бе? Мен емізулі әйелмен. Емізе жүріп ораза тутсам болама ? Балам жаста

  10. Фарида

    Салеметсиздерм! Менин 2 айлык балам бар еди.Ауыз бекитсем деп ниеттеним жур едим.Маган Ораза устауга болама.Сутим тартылып баланы емизе алмай каламынба не деп ойлаймын.Накты тусиндирип берсениздер.

  11. Гулімай

    Сəлеметсіз бе. Емізулі балам бар бірак қосымша тамақ ішеді. Ораза ұстауға бола ма? Ұстауға болса ауызым бекітулі уақытта емізуге бола ма?

  12. АКМАРАЛ

    Саламатсыздар ма! Мен бала емізем маған ораза ұстауға болады ма ??

  13. Менинде билгим келгени осы сурак еди,ауызды бекитип бала емизе берсе боладыма

  14. Ассаляма алейкум уа рахматуллахи,уа бəрəкəтух.Менің алты айлық бөбегім бар,бірақ емізбеймін,сут ішеді.Сутті берерде дəмін татып беретін едім,сондай жағдайда Ораза тұтуым керепе?

  15. Улданай

    мен бала емизем бирак кешеден бастап аузымды бекитим енди ораза устай берсем болалыма биткенше

  16. Сулушаш

    ниет етіп ораза устадым балам 1 жастан асты бірак қазір емізіп журмін сутим жақсы келіп жатыр оразам бұзылмайма?

  17. Севарп

    Салеметсизбе. Мен 14 кун ораза устадым. Енди жукти екенимди билдим. Ораза устаган балага зиянба?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика