Басты бетке Жүктілік & босану Жүктілікке дейінгі дайындық: 10 кеңес

Жүктілікке дейінгі дайындық: 10 кеңес

520
25
Бөлісу

Қыз бала оң босағасын аттап, отбасын құрғаннан кейін ана атануы — табиғаттың заңы. Дейтұрғанмен, ана болу бақытының барлық әйелге бірдей бұйыра бермейтіні бар. Жастайынан денсаулыққа деген немқұрайдылық кейін уақыт өте келе бала көтермейтін бедеулікке алып келетінін қыздарымыз естерінен шығармаса екен дейміз.

Өмірде адам қандай да бір жетістікке немесе мәртебеге жету үшін көп еңбек етіп, талай тер төгетіні мәлім. Түрлі дайындықтар мен сынақтардан сүрінбей өткенде ғана діттеген мақсатына қол жеткізетіні сөзсіз. Дәл осы қағида сияқты ана мәртебесіне ие болу үшін де қыздарға көбірек жауапкершілік жүктеледі. Ана атану үшін қандай нәрселерге назар аудару керек?, нендей мәселелерге көбірек көңіл бөлген жөн? осы сияқты сұрақтарға барынша дұрыс әрі нақты жауап іздеуге тырысып көрсек.

Жүктілікке дейінгі дайындық болашақ нәрестенің денсаулығына өзіндік әсерін тигізбей қоймайды. Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін болашақ ананың да денсаулығы қалыпты жағдайда болуға тиіс.

Қыз баланың денсаулығы жастайынан бастап қадағаланады. Жылы киіну, суық судан аулақ болу, аяқ-қолды жылы ұстау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жеке гигиенасына көңіл бөлу сынды алғышарттар болашақ ананың денсаулығына міндетті түрде оң ықпалын тигізеді. Төменде жүктілікке дейінгі дайындық жұмыстарының 10 шарты көрсетілген.

1. Қан құрамындағы фолий қышқылының жеткілікті болуы болашақ аналар үшін өте пайдалы. Сол үшін де жүктілік байқалған кезде дәрігерлер көбінесе фолий қышқылын пайдалануға кеңес береді. Адам организміндегі фолий қышқылының жүктілікке дейін қажетті мөлшерінде болуы ұрықтану процесін мейілінше тездетеді. Күнделікті тамақтану барысында ас мәзіріне көбірек ет, сүт, жеміс-жидек өнімдерін пайдаланған жөн. Сәбіздің, әсіресе, сәбіз шырынының адам денсаулығы үшін берері көп.

2. Жаман әдеттерден, нақтырақ айтар болсақ, темекі, ішімдік өнімдері, есірткі заттарынан алыс жүру керек. Зерттеулерге сүйнетін болсақ, мұндай өнімдерді тұтынған әйел ағзасы әлсіздеу келеді. Бойға бала біткенімен, олардың денсаулықтары бір қалыпты болады деу қиын. Ішімдік пен темекі пайдаланатын әйелдер арасында түсік тастау оқиғалары көп кездесетіні де сондықтан.

3. Кофеиннің адам денсаулығы үшін зиянды екенін ескергеніміз жөн. Себебі кофеин қан құрамындағы темірдің тиісті деңгейінде болуына кедергі жасайды. Онымен қоса, іштегі баланың дамуына зиянын тигізеді. Сол үшін күнделікті өмірде кофе, кола сынды сусындарды аз пайдаланғаннан ұтпасаңыз, ұтылмайсыз. Бұл сусындарға әбден құмартып қалған жандар үшін кофеиннен бірден бас тарту қиынға соғуы әбден мүмкін. Сондықтан ақырындап олардың мөлшерлерін азайту керек.

4. Дене салмағының қалыптан тыс болуы немесе өте арық болудың да жүктілікке әсері болады. Адамның дене салмағы неғұрлым өзіне лайық болған сайын организмнің жүктілікке деген бейімі де солғұрлым жоғары болады.

5. Тамаққа таза әрі пайдалы өнімдерді тұтынған абзал. Жоғарыда, бірінші пунктте аталған өнімдерге қоса теңіз өнімдерін де ас мәзіріне енгізу керек. Майлы, қуырылған, ысталған тамақтардан тиісінше бас тартқаныңыз өзіңізге жақсы. Олар қанның қоюлануына әкеп соғады. Ал қан қоюланса ұрықты қабылдау процессі жақсы жүрмейді деген сөз.

6. Күнделікті дене шынықтыру жұмыстары сізге өте пайдалы. Бұлшықеттер мен буындарға арналған жаттығулардың сіздің қан айналымыңызға тигізер пайдасы мол. Аптасына 2-3 рет міндетті түрде спортпен айналысқаныңыз жақсы.

7. Ауыз қуысының гигиенасына назар аударыңыз. Ауыз қуысындағы бактериялар белгілі деңгейде баланың ми қабыршықтарының дамуы мен тамақтану процестеріне кедергі келтіреді. Жүктілікке дейін 6 ай бұрын міндетті түрде тіс дәрігерлеріне қаралғаныңыз сізге жақсы болмаса, жаман болмайды.

8. Тұқым қуалаушылық ауруларынан сақ болу. Қыз бен жігіттің ататектеріндегі ауруларға көңіл бөлген жөн. Қазағымыз бұрыннан бері жастарды отастыру кезінде бір-бірлерінің ататегіне мұқияттылықпен қараған.

9. Жүктілікке дейін 6ай бұрын гинекологқа қаралғаныңыз абзал. Дер кезіндегі көрсетілген ем-домдар сіздің және болашақ сәбидің денсаулығына міндетті түрде жақсы әсер етуі тиіс.

10. Ер азаматтың денсаулығы да аса маңызды. Олардың ішімдік, темекі, есірткі өнімдерінен аулақ болуы ұрықтың сапасына тікелей әсер етеді. Ерлердің жеке гигиеналары, жыныстық ауруларының болмауы — болашақ ана мен нәрестенің денсаулығына кепілдік беретін маңызды факторлардың бірі.

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

25 Пікірлер

  1. Жыныстық катыныска алгаш түскеннен кейн, киндигим томен ауырып жур. Не себепти ауыратын билмей журмин? Аяк ауырлыгын кай кезде екен калай билуге болады?

  2. Салеметсизбе менин атым шынар мен 18жастамын уйленгенмин уйленгениме 1ай болды менин ышим ауырып жур киндигимнин асты ауырып жур жане де асказаным ауырып жур не ушин екен??

  3. Шынар, Анар салеметсиндер ондай болатын себеби кыз кездеринде аяктарынан суык коп откен.ол енди айел болганда шыгады енди байкап журсин дер себеби ол кездери ауырган солай бирак манберегенсиндер.Енди айел болдындар бар ойларын иш курлыстарында.Мумкин алла жазып жукти шыгарсында ертен тусик болмас ушин сонын алдын алып врачка каралуларын керек емделулерин.карап отырмандар.жолдастарын сендерден ауырамын деген созди емес ЖУКТИМИН деген созди кутип жур сондыктан врачка баруларын отинип сураймын

  4. Салеметсиздерма ! менин сурайын дегеним менин турмыс курганыма 2 ай болды бирак али котермедим ! не истесем болады? шыны керек мен жыныстык катынаска тускен кезимде лазат алмаймын сол себепти болуы мумкин ба?бирак ол ишке агызады ! тез бала суйгим келеди билсениздер кенес берулеринизди сураймын алдынала рахмет

  5. Salemetszderme!menin turmiska shikkanima 2jil boldi .birinshi balam bir aylikinda tusip kaldi kaz bir joldan Asti zhukti bola almay jurmin ne istesem bolad?dargerge karalsam bari duris dep aytadi!densauligimda jaksi

  6. менин сурагым менин ен басында журегим айныды содан кейн босылып калды и етеккрим келди менин аягым ауырма сонын билгим келеди

  7. Сәлеметсіздер ме?Менің тұрмысқа шыққыныма 4 ай болды бала көтере алмай жүрмін.Кіндігімнің төмен жағы және белім ауырғанына 4-5 күн болды.Ол неден болуы мумкін?Дәрігерге қаралсам бәрі жақсы дейді.Бұл неден болуы мүмкін?

  8. Салемеисиз менин 2улым бар. Улкеним 5жастан асты кишим 4ке келеди. Енди кызым болса деймин. Жасым 22де калай кызды жоспарласа болады.

  9. Салеметсиздер ме? менин сурагым жуктилик кезинде неге кукрегим кышиды бул неликтен?

  10. отиниш менин кукрегим шыдатпай кышиды ол неден екенин билгим келеди жауап беринизши???

  11. Жуктилик кезинде иштеги баланын журеги сокпай калса , журек айну, бас ауру бола бере ма?

  12. Салеметсиздерме.мен турмыска шыкканыма 2 жылга жакындады.али котермедим.цистид пен ауырып журмин.онын уколдары дарилери бала котеруге зиян емеспа

  13. Салеметсиздерме! Менин уйленгениме 1 жыл 6 ай болды али котермедим бала суйгим келеди гинекологка каралганымда храническиий аднексит справп деген диагноз койды енди ондай диагнозбен бала котере аламба?бир жауабын бериниздерши отинемин!

  14. Салеметсизбе? Менин турмыска шыкканыма 9 ай болды але бала суйеалмай журмиз.Осыдан 3 ай бурын тусик тастадым 4 апталык болган екен.Катты суыктагансын содан деп айтты содан кейин ем кабылдадым онын ешкандай асери болмады.Врачтар айтады эрозиянын басталуы бар деп .Бала суймеген адамда эрозия бола ма? Калай жукти болсам болады? Отиниш жауап жазынызшы….

  15. Салеметсиз бе,? Менин жасым 20 да, турмыска шыкканыма бир жыл болды бала котере алмай журмин. Кандай кенес бересиздер?

  16. Салеметсиз бе? Менин тары айтайын дегеним жолдасыммен жыныстык катынаска тускенде тояттай алмаз каламын, ол урыгын тез курды? Сосны тех алсиреп калады. Не истеуге болиды? Жауап жазыныздаршы отинемин…

  17. Салеметсиздер ме. Мен осыдан 8ай бурын сурак койып едим сол куйи жауап жоккой. Менин жасым 21де турмыска шыкканыма 2 жыл болады бирак, али бала котере алмай журмин не истесем болады?

  18. Менин турмыска шыкканыма 7 ай болды. Бирак алы котергеним жок. Етеккир ойнамалы болды. Сонгысы 23 кун болды. Не ушин ойнамалы болып жатыр . Калай тез котеруге болады

  19. Сәлеметсіздерме?! Менің тұрмыс құрғаныма 8 ай болды. Бірақ әлі бала көтермедім. Түрлі витаминдер іштім, свечалар да қолдандым. Бірақ әлі көтермедім. Төсекте ләззәт ала алмаймын((Мұның жүкті болуға қаншалықты әсері бар және гинекологқа көрінгенгенімде қынап ұзын деп айтты. Бала сүйгіміз келеді. Ақыл-кеңестеріңіз керек!

  20. Маган баланын журеги токтап калган деди 5 апталыгында казир 10 апталык екен не истесем болады даримен тусиремин ба

  21. Озим сенби журмин журек айну брлып жатыр тестте 2 палоска коринип тур.бирак узи солай айтты.Отиниш тезрек жауап берсениздер.

  22. Салеметсиздер ме? Менин турмыс курганыма 6жыл болды. 2 рет бала котередим. Бириншисинде кесарвамен 6,5айлык ул баланы дуниеге акелдим. 4куннен сон шетинеп кетти. 2 рет 1жылдан сон тагы котеремин 11 недели выкидыш самопроизвольный аборт болды. Мине 4ж отти содан бери котере алмай журмин. Бармаган врач калмады……..

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз