Басты бет / Сұрақ-жауап / Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Қызым 1 жас 7 айлық. Еміземін. Өзім жүктімін, 5-ші апта. Менің жағдайымда бала емізуді жалғастыра беруге бола ма? Жүктілік сүттің құрылымына әсер ете ме? Егер әсер ететін болса, баланы емшектен қалай шығаруыма болады?

Қайта жүкті болған жағдайда емізуді жалғастыра беруге болады. Бірақ кейбір ескеретін жайттар бар. Біріншіден, жүктілік кезінде емізу – бұл ағзаға түсетін қосымша жүк. Мынаны ескергеніңіз жөн: өзіңіздің тамақтану әдісіңіз құнарлы, жеткілікті (белгілі мөлшерде) болу керек, көп демалуыңыз қажет. Екіншіден, ең маңыздысы – жүктіліктің қалай өтіп жатқандығында. Жүктілігіңізге байланысты туындаған токсикоз балаңыздың жүрегін айнытып, құстыруы мүмкін. Сонымен қоса, түсік тастау қаупі туындаса, емізуді тоқтату керек. Үшіншіден, жүкті әйелдің бойындағы гормональды өзгерістер ана сүтінің дәмін өзгертуі мүмкін, сондықтан бала кейде өздігінен емшектен бас тартады. Ол қышқыл болып, балаға дәмі ұнамай қалуы мүмкін. Төртіншіден, гормональды өзгерістердің әсерінен емшек үрпілерінің ауырсыну сезімі пайда болып, балаңызды емізген сізге ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
Сіздің жағдайыңызда қызыңызды емшектен шығарғаныңыз дұрыс деп ойлаймын. Себебі бұл жаста баланың емшек емуі құнарлы заттарды алу көзі болып табылмайды, бұл – психологиялық сипатқа ие әрекет. Біртіндеп қызыңызды түнде тамақтанатын болса, қышқылсүтті өнімдерге немесе сүтті қоспаларға үйретіңіз. Емшектен шығаруға тырыссаңыз, ұйықтатарда еметін әдетін қойдырыңыз. Бұл кезең баланың түрлі мінез көрсетіп, қырсықтануымен өтуі мүмкін, шыдамдылық танытыңыз.

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика