Басты бет / Балалар әлемі / Нәрестелер / Нәресте күтімі / Судан қорқатын сәбилерді шомылдыру

Судан қорқатын сәбилерді шомылдыру

Кішкентай сәбилердің арасында суға түсуден қорқатындары бар. Олар денелері суға тигеннен бастап немесе ванна бөлмесіне кіргеннен бастап айқайға басады. Бірі көздеріне сабынды судың кіріп, ашытуынан қорықса, енді бірі суық немесе ыстық судан қорқады. Ондай сәбилермен қалай тіл табысуға болады?

Балаңызды жуындырмасаңыз, гигиеналық талаптар сақталмайды. Ал жуындырсаңыз, балаңыз шыңғырып жылайды. Бұндай кезде баланы үлкен ыдыстағы суға салмай, ванна бөлмесіне кіргізбей-ақ жуындырсаңыз болады. Шомылдырудың балалар қорқатын мұндай түрлеріне бір айдай уақыт бойына шектеу қойыңыз. Оның орнына жылы суға малынған шүберекпен денесін ұқыпты түрде ысқылап жуыңыз, бір айдай осылай істеп көріңіз. Бір айлық үзілістен соң балаңызды пластикалық шелекте шомылдырыңыз. Мысалы былай етсеңіз болады: балаңызды жылы суы бар шелекке сенімді әрі қауіпсіз түрде отырғызып қоясыз (шелекке саласыз). Немесе ваннаға түсіретін болсаңыз, анасы ма, әкесі ме, әйтеуір шомылдыратын адам, бірге суға түссін. Жанында бір адамның болуы балалардың судан болатын қорқыныштарын сейілтуге көмектеседі.

Шелекте шомылу, баланы шомылдыруШелекте шомылу, баланы шомылдыру

Баланы суға шомылдырар кезде ескеретін басты жағдайлардың бірі — судың температурасы. Кейде балалар судың суық немесе ыстық болуынан да қорқып, шошынып жылайды. Сондықтан, баланы шомылдыратын судың температурасы қалыпты деңгейде жылы болуы керек. Қалыпты температура дегеніміз +36°C.

Суреттер байқағандарыңыздай, базар мен дүкендердегідей үйреншікті шелектер емес, арнайы шомылу шелектері керек. Кез-келген тесік емес шелекке су құйып, балаңызды суға балық салғандай сала салуға болмайды. Егер арнайы шомылу шелектері болмаса, соған ұқсас, құрамында зиянды материалдары жоқ пластикалық шұңқыр легендерді (тазик) пайдалануға болады.
фото: baby-markt.de, fotocommunity.de

Ұқсас мақалалар

Сәбиді шомылдыру

Баланы горшокқа отыруға үйрету

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Қызықты мақалалар

Нәрестенің тәуліктік тынысы мен ұйқысы және емізу уақыттары

Нәрестенің тәуліктік тынысы мен ұйқысы және емізу уақыттары жайында

Нәрестенің тәулік бойы дұрыс қалыптасқан демалу режимі, анасының омырауын ему уақыттары, сергек (ояу) сәттері мен …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика