Басты бет / Балалар әлемі / Есімдер / Біздің сәбиіміздің есімі / Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана. Былай қарағанда ерекше ештемесі жоқ, жай ғана қарапайым аттардың бірі. Бірақ сол бір жалғыз сөз, жалғыз есім мен үшін барша әлем. Айдана деп қызымның әкесі қойды.

Аңсап күткен тұңғышымызды, денсаулық жағдайма байланысты, жүктілікке 8 ай толғанда шұғыл түрде кесар тілігімен, ота жасау арқылы, дүниеге әкелдім. Отадан соң екінші күні есімді жинағанда қызым маған Айдана деген атпен келді. Әкесі отаға бірге кіріп ең алғаш құшағына қысып тұрып, «Айдай әсем, Данадай ақылды болсын» деп атын қойыпты.

Қазір қызымыз тәтті қылықтарымен, сыңғыр күлкісімен қызығына бөлеп өсіп келеді. Алла Тағала өмір жасын ұзақ етіп, әкесі тілегендей айдай әсем, данадай ақылды боп өссе екен деймін.

Гаухар

Қызықты мақалалар

Біздің сәбиіміздің есімі — Іңкәр

Біздің сәбиіміз — Іңкәр Талғатқызы, 2011 жылдың 18 маусымында туылған. Жылы — қоян, жұлдызнамасы — шаян. «Іңкәр» сөзінің …

2 комментария

  1. Саяжан

    Балым атты есім ұнайды бірақ мағынасы нені білдіреді?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика