Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жүктілік кезіндегі қант диабеті

Жүктілік кезіндегі қант диабеті

Көп жағдайда әйелдер арасында жүктілік 20-30 жас аралығында жоспарланады, өйткені бұл жаста әйелдер ағзасы жүктілікке анағұрлым жақсы икемделеді. Жүкті әйелдер толық медициналық тексеруден өтуі қажет. Егер сіз қант деңгейін түсіретін таблеткалар пайдаланған болсаңыз, жүктілік кезінде инсулинмен егілуге көшу керек болады. Әртүрлі таблеткалар іштегі өсіп келе жатқан балаға кері әсерін тигізеді. Сіз күніне кем дегенде 6-7 рет қандағы қанттың деңгейін білуіңіз керек. Оның деңгейі қағаз реактивтер мен глюкомер көмегімен өлшенеді. Жүктілікке дейін қант диабетінің жеткілікті өтеміне қол жеткізу қажет. Қандағы қанттың шамасы 4-8 ммоль/л деңгейінде тұруы керек. Глюкоздалған гемоглобин НbA1=6-6,5% немесе НbA1c<7% жоғары болмағаны дұрыс.

Қант диабеті бар әйел жүктілік кезінде дәрігерге жиірек қаралу керектігін есіне саламыз. Жүрек айнып құсу, тамаққа тәбеті болмаған жағдайда, нәрестенің қозғалысы нашарлап немесе қозғалмай қалғанда, вирустық инфекция (тұмау) салдарынан температура көтерілгенде кеңес алыңыз. Жүктілік кезінде организмге тамақпен енетін ақуыз, май, минералдар мен витаминдерді де қадағалау қажет. Жүктілік кезінде диета мен денеңіздің салмағын мұқият біліп отырған жөн. Бұл тек қант диабетімен ауыратындарға емес, барлық жүкті әйелдерге қатысты. Аяғыңыз ауырлағанда салмақ қоссаңыз, проблема туындайды. Қанттың орнына басқа дәрі қолданған жағдайда мөлшерден тыс натрийі бар цикламаттар мен қанттың орнына жүретін дәрі-дәрмекті жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Аспартам, Сластилин, Нутрасвит қолданған дұрыс. Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерде түнгі гипогликемия болады, сондықтан кешкісін қосымша тамақ ішу керек. Егер әйел өзін мұқият бақылап барлық нұсқауларды сақтаса, қант диабетінің ауыр түрі болмаса, жүктілік әйел денсаулығына қауіп төндірмейді.

kant diabeti, Жүктілік кезіндегі қант диабеті, Қант диабеті

Жүктілік кезінде инсулиннің мөлшері екі-үш есеге өсуі мүмкін. Егер қант диабеті жүктілікке дейін және барлық жүктілік кезінде бақылауда болса нәрестенің жетілуі, кез келген қант диабеті жоқ жүкті әйелдермен бірдей болады. Жүктіліктің соңғы аптасында қант деңгейі мен нәрестенің жағдайын мұқият бақылау қажет. 2-4 апта бұрын емханаға жатқан дұрыс.

Ең бастысы — жүкті әйел аяғы ауырлағанын білгеннен бастап, тұрақты түрде дәрігерге қаралса болғаны. Іштегі толық жетілмеген баланың денсаулығын тумай тұрып қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері көп. Егер дер кезінде шара қолданылса, дәрігерлер 26 аптадан кейін дүниеге келген, салмағы бір килограмдық сәбилерді де аман алып қала алады. Негізінде шала туған сәбилер, мерзімі жеткенше перзентханада, дәрігерлердің бақылауында болып, шыны инкубаторға жатқызылады. Инкубатор – шыны ыдыс тәрізді шағын камера. Онда ана жатырындағыдай температура мен ылғалдылық сақталады. Шарана шыны ыдыста жатқанда, жатырдағыдай күй кешіп, өз бойындағы жетіспестіктің орнын толтырады. Инкубаторда жатқан жас сәби, ана алақанының жылуын сезініп, даусын жиі естіген сайын күш-жігері, қарсыласу қабілеті еселеп арта түседі.

Жасыратын несі бар, жас келіндер емшек сүтінің маңыздылығын біле тұра, тезірек қызметке кірісуді, сұлу да, сымбатты қалпын сақтауды ойлап, сәбиін бірден емізікке үйретеді. Бұл кішкентай сәби үшін тек алданыш. Ал ана сүті сәби үшін таптырмайтын құндылық екенін ұмытпаған дұрыс.
Сүт безі ауруы көбіне репродуктивті жастағы әйелдер арасында көп кездеседі. Бауыр, жатыр қосалқылары мен қалқанша без аурулары, сүт безі ауруларының пайда болуын күшейтеді. Қауіп-қатер тобына бұрын босанбаған, бір-ақ рет босанған немесе бала емізбеген, түсікті жиі жасатқан әйелдер жатады. Диета сақтау, қант диабетінен сақтану үлкен маңызға ие. Көкөніс пен жеміс-жидектерді – цитрустық жемістер мен қырыққабатты тұрақты қабылдап отыру қажет. Шылым мен ішімдіктен аулақтап, күннің көзінде және моншада ұзақ болудан сақтанған жөн.

Райхан ЫБРАЕВА, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры, жоғары санатты дәрігер
Ақтөбе газеті

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика