Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жүктілікті жоспарлау

Жүктілікті жоспарлау

Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек осы сыннан сүрінбей өту үшін сауаттылықтың болу керек. Сонымен, мамандар кеңесіне назар аударайық:

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есіңізде болсын: темекі шекпек түгіл оның иісінің өзі бала дамуына кері әсерін тигізеді;
2. Кез-келген дәрі-дәрмек атаулыдан бас тартыңыз. Әсіресе, гормональды дәрілер өте зиян.
3. 3-4 ай бұрын дәрігерге көрініп, денсаулығыңызды кінәратының бар-жоқтығын тексертіп алғанның да айыбы болмас. Өйткені, бала көтергеннен кейін тұрмыс құрғанға дейінгі кезеңде білінбеген аурулар асқына бастайды. Ал, жүктілік кезінде дәрі пайдаланудың болмайтындығын ескерсек, сізді емдеу қиынға түсетіні айтпаса да түсінікті.
4. Дәруменге бай азық-түліктерді, мысалы, көкөніс, жеміс-жидектерді күнделікті тамақ рационына енгізіңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, дәрігермен ақылдасып, дәріханаларда сатылатын дәрумендерді алып ішуге де болады.
5. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын! Өмірде кездесетін түрлі проблемалар мен қиындықтарға қарамастан, бірінші орынға болашақта нағыз ана бақытын сезіндіретін сәбиіңіздің денсаулығын қоя біліңіз!

Жүктілікке қолайлы уақыт етеккірдің келген күнінен санағанда екінші аптаның соңы мен үшінші аптаның басы болып саналады. Мамандар осы уақыттан бұрын бірнеше күн жыныстық қатынасты тоқтата тұрудың керектігін ескертеді. Осылайша, ағзаны дайындайсыз. Баланы жоспарлап жүрген әрбір ерлі-зайыптылар алкогольді ішімдіктерден бас тартып, ыстық моншаға бармауы керек. Оған қоса, жұбайлардың бір-біріне деген ілтипаты мен мейірімділігі де ұрықтың белсенділігін арттыратын көрінеді.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз, өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені, сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай Адамның келгендігінің белгісі.

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

41 комментарий

  1. Айгерим

    етеккир кезинде жыныстык катынаста болган кезде бала котеру мумкин бе?

    • Месячник кезінде жақындасуға болмайды.Онда қалай көтеріп қаласың? Циклдың соңғы жағында көтеріп қалуың мүмкін.

    • Ассаламу алайкум етеккір кезінде қосылу шариғи жағынан харам.Дені сау адам етеккір келгенде қосылмайды.Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып,тырнақ қысқа етіп алынған жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатнас жасауға ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек душта жуыну керек.

  2. Айгерим

    тест на беременности отирик болуы мумкин бе?

  3. Айгерим

    месячник кезинде жыныстык катынаска туссен.онда тез бала котересин деген рас па?

  4. Зульфия

    Егер жуктiлiк кезiнде таксикоз белгiлерi болмаса

  5. Зульфия

    Жуктiлiктiн белгiлерi кандай болады?

  6. Айгерим

    шашым коп тусип жур.жыныс мушемнен выделение коп молшерде келип жур жане де сол жерим шагып ауырады.терлей беремин жане де киши дарет кайта-кайта барам.бул неден?

    • Назгүл

      витамин жетіспегеннен )

    • Жайнагуль

      Айкерім
      Ыстықтап терлеп ерін кепсе, ол дене ішінде ыстығыныз бар деген. Шаш түсу витамин жетіспегеннен және стресстан болуы мүмкін
      жыныс органдарында қабыну бар емделу керек. сиз қай қаладансыз?

  7. Менин жасым биыл 32 -ге толады.Бірінші жүктілік 27 жасымда болып , 28 де кызды болдым.Екінші жүктілік 29 да басталып , 30 жасымда кызды болдым. Мен кыз артынан улды болгым келди , шилде айында жоспарламаган жерден котерип калган сияктымын тагы да кызды болам ба деп коркамын, уакыт оздырмай 1-3 апта аралыгында жынысын аныктайтын аппарат бол ма?

  8. гулжан

    менинше ондай курал али жок бирак интернетте онлайн тесттер аркылы аныктауга болады бирак оган 100 пайыз сенудин қажети жок сонымен бірге арнайы таблицалар болады қысқасы интернеттен іздеп караңыз узи қателеспесем 23 жумадан бастап аныктайд,

    • Назгүл

      биопсия хориона жасатсаң, екі аптажүктіліктің өзінде жынысын анықтап береді. бірақ, алдымен, сондай тәуекелге бару не үшіе қажет екенін шешіп алу керек.
      Ал интернеттегі он лайн тестерге сенудің қажеті жоқ.

    • Нурдана

      Қазіргі дамыған заманда бәрі мүмкін. Мен екінші баламды туарда ұл болғанын қаладым, біріншім қыз. Он төрт, он бес аптада УЗИ маған ұл екенін жүз пайызға анықтап берді.

  9. динара

    менин бала котермегени ме 8 айдан асты емделдим де ешкандай диагноз жок, не истесем болады екен,

    • Менин жасым 32-де , уйленгениме 6 ай болды, осы кунге дейын бала котере алмай журмын, бала котеру жолдарын айтып берсениздер.

  10. Құрметті қыз келіншектер етеккір кезінде жыныстық қатынас жасау дұрыс емес.Ол күндері жыныстық қатынастан сақтаныңыздар!

  11. Азамат

    Жукти болу киын менимше, бирак жукти болып калу онай! Сондыктан э канжыктар?! Амдарынды жауып журиндер, анау мынаумен еркектин козин кыздыра бермей! Хе!

  12. Динара

    Овуляция деген кай кезде болады?

    • Қырмызы

      Етеккір циклінің ортасында болады. Егер 28 күндік циклі болса, 14-ші күні келеді.

    • Гүлбану

      Овуляция етеккір келген күннен бастап есептегенде 2-ші аптанаың соңымен 3-ші аптаның басында болатын көрінеді. Орта есеппен етеккірден соң 11-12 куннен кейінгі 4-5 күн аралығы бала пайда болатын уақыт.

  13. жадыра

    менің бала көтермегеніме 2 жыл болды, емделдім де диагноз жоқ,бірақ өзім трупкаларымның ауыратынын сезінем,арықарай не істеймін білмеймін, трупканы қалай емдеуге болады? дәрігерлерден сұрасам сенде бәрі жақсы деп айтады

    • жадыра

      мен 25 жасымда бірінші балама жасанды түсік жасаттым, ал енді бала көтере алмай жүрмін, қазір жасым 29да, емделдім де, енді не істесем болады?

      • айткуль

        Менің тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды 2009 жылы 1 жүктілік болып, 7 ай болғанда кесір тілігі арқылы босанып балам 3 күннен соң шетінеп кетті сол уақыттан бері жүкті бола алмай жүрмін қаралмаған жер қалмады маған жауап жазыңыздаршы күтем Алдын ала алғыс айтам

  14. Айымгул

    Менің жақын құрбым бірінші баласына түсік жасатты? енді көтере алмай жүр, тест на беременость қарасы екі сызық көрсетеді неге екен,

  15. Салеметсиздерме? Менин сурарым,етеккирим кешигип жатыр, сосын Ишим туйип ауырады кейде.иштин туйелуи жуктилиkтин белгиси ма?

  16. сабина

    Менің тұрмысқа шыққаныма алты ай болды іирак әлі бала көтере алмай жүрмін. Не істеу керек, айтыңыздаршы өтінем сіздерден. Қалай көтерсем болады?

  17. динара

    Сәлеметсіздерме? Менің 1 жас 4 ай ұлым бар . 2010 жылы 16 шілдеде босандым. Босанғанннан кейін 40 күн өткен соң спираль салдырдым. Е л құлағы елу деген 1ші баладан кейін спираль салуға тиым салынады деген сөзді жиі естіп жүрмін соңғы кезде, осы сөздің шын мәнінде дұрыс немесе бұрыс екендігіне қалай көз жеткізсем болады? көмек бере аласыздарма?

  18. Сәлеметсізбе. Менің 9 айлық қызым бар. Бұйырса, 2-ші балам ер бала болғанын қалаймын. Көтерейін десем, көтере алмай жүрмін. Бала емізіп жүргенде көтере алмайсың дейді. Сол рас па?

    • Сәлем! Иә, рас. Бала емізетін әйелдің көтеруі де көтермеуі де мүмкін. Егер көтере алмай жүрсеңіз, қорқудың қажеті жоқ. Бұл бала емізетін әйелдерге тән құбылыс.

  19. Сәлеметсіздерме? Менің бір қызым бар. ол енді бірден асты. Екіншісін біраз тұра тұрсам деймін. Өйткені жұмысқа шығып жұмыс істегім келеді. Бұл туралы жолдасыма айтсам ол екінші бала болғанын қалайды. Мен оқуды бітіре салып тұрмысқа шығып кеткен едім, дипломымды ойлаймын. Енді тағы көтеріп балалы болсам тағы 2 жыл үйде отыруыма тура келеді. Енді не істесем болады? Ой бөлісіңіздерші.

  20. жыныстық қатынаста төменгі мүше өте кішкентай болса балалы болуға болама???

    • "Ана мен бала" сайты

      Жүкті болу қынаптың немесе сыртқы жыныс мүшелерінің өлшемдеріне байланысты емес.

  21. Тұрмысқа шыққаныма 9 ай болды әлі бала көтермедім. Дәрігер эндометрит диагнозын қойды бала көтеруге деген мүмкіндігім қандай. Бірақ УЗИ-да матка тап-таза дейді. Өтініш жауап беріңіздерші. Алдын-ала рахмет!

  22. Сәлеметсіздер ме?Менің тұрмыс құрғаныма 10айдан асты әлі көтере алмай жүрмін.Гинекологқа көріндім.аса қауіпті ештеңе жоқ, көтересің дейді. Оның басқа қандай жолдары бар?

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика