Басты бет / Ресми блог / Ана терісінің қыс мезгіліндегі күтімі

Ана терісінің қыс мезгіліндегі күтімі

Қыстың күндері дала суық болғанымен таза ауада тыныстап, күн сәулесіне бір сәт болса да шығу ана мен бала үшін өте маңызды жағдай. Әсіресе, жас сәбидің сүйектерінің дұрыс дамуы үшін күн сәулесінің атқарар қызметі өте зор… Ауа температурасы нөлден төмен болғандықтан теріге біраз күш түседі. Сондықтан тері жазғы уақытқа қарағанда біраз көңіл бөлуді қажет етеді.

Қыста тері құрғақ әрі бозарған өңді болады. Егер ерін терісінде май бездері болмаса, жарылуға дейін барады. Қышитын, қызаратын терілер де кездеседі. Мұндай өзгерістердің барлығы ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей байланысты. Суық мезгілде зат алмасу процесі тым баяу жүреді. Соның әсерінен теріде ақаулар пайда болады. Мысалы, тері өзінің ылғалдылығын сақтау мүмкіндігінің 1/4 бөлігінен айырылады. Демек сол мүмкіндікті сыртқы ортаның көмегімен қалпына келтіруге тура келеді.

Терінің ылғалдығы оның қорғаныш қызметін арттырады. Құрғақ терілерде теріге кері әсер ететін жағдайларға қарсы қорғану күші нашар болады.

Теріңіздің дұрыс жұмыс істеуін қаласаңыз, оған күтім жасау керексіз. Ал күтім жасау үшін терінің қандай жағдайлардан зардап шеккендігін анықтау керек. Содан соң барып тиісті күтімді жасауға болады. Тері қызметінің бұзылуына әкеп соғатын мынадай екі түрлі жағдай бар:

  • табиғи түрдегі ылғалдылық сақтағыш заттардың (мыс.: несепнәр (мочевина), амин қышқылдары, аллантоин) аз болуы;
  • липидтердің (май қышқылдары) аз болуы.

Құрғақ тері құрамындағы ылғалдылықты сақтаутын заттардан айырылғандықтан сырттан косметикалық жолдармен келетін қосымша ылғалдылықты көп мөлшерде қажет етеді. Ал майлылығы аз тері құрамында майлылықты қалпына келтіретін косметикалық заттармен  күтіледі (күтім жасалады).

Терідегі ылғалдылық пен қалыпты майлылықты қалпына келтірудің екі жолы бар: дайын косметикалық өнімдерді пайдалану немесе арнайы рецепт бойынша маска жасау.

Ерін жарылатын болса, жарылуға дауа болатын гигиеналық далаптар (помадалар) мен бальзамдарды пайдалануға болады.

Қызықты мақалалар

Жүктілікті анықтау тесті

Қазіргі таңда кез – келген әйел өзінің жүктілігін қарапайым тест арқылы анықтай алады. Тестте екі …

Сәбидің тырнағын алу

Кішкентай ғана нәрестенің тырнағы көп ұзамай-ақ өсіп кетеді. Тырнағы жұмсақ болса да бет-ауызын тырнап алуы …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика