Басты бетке Отбасы & қоғам Жұмыс пен отбасы

Жұмыс пен отбасы

138
8
Бөлісу

Заман ағымына сай, өміріміздің де шапшаң өтіп жатқандығы таңқаларлық. Бұрын ата-ана бала өмірінде аса маңызды рөл атқаратын.

Ата-ана жұмыста көп уақыт өткізеді, балаға қажетті көңіл бөлуге кейбірінің уақыттары жетпей жатады. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Тәулігіне 24 сағат бойы балаңыздың жанында болуыңыз маңызды емес, жай ғана оны жақсы көретін, бағалайтын, кез келген жағдайда да оған қолдау көрсететін, ол үшін өмірдегі ең маңызды адамдардың бірі бола біліңіз.

Бұл өмірде бала үшін ең маңыздысы — оны жақсы көргеніңіз. Өсіп келе жатқан гүлдің күнге ұмтылатыны сияқты, бала да өзін жақсы көретін, өзін қажетпін деп сезінетін адамға ұмтылады. Сондықтан олардың құрметі мен сеніміне ие болсаңыз, өзіңіздің махаббатыңызды көрсете білсеңіз, олар көңіліңізді жабырқататын, ренжітетін әрекеттерді жасамайды. Құрбыларының да сөздеріне ермейді. Маңызды шешім қабылдайтын болса, алдымен сіздің кеңестеріңізді басшылыққа алады. Сол себептен де өзіңіздің күн тәртібіңізді жұмысыңызға да, отбасыңызға да уақытыңыз жететіндей етіп жоспарлау айтарлықтай маңызды.

Ең күрделісі, әсіресе, алғашқы кезде, өміріңізде орын алған ең маңызды көптеген әрекеттерден бас тарту. Бірақ уақыт өте келе, сіз уақытыңызды босқа кетіретін жұмыстардан бас тартасыз.
Тұрмыс құрсаңыз да, үйленсеңіз де өміріңізді белсенді түрде өткізе аласыз. Жұмыс істеуге, саяхаттауға, көңіл көтеруге, достарыңызбен уақыт өткізуге болады. Бірақ мұның барлығы да дүниеге сәби келгенде артта қалады. Сіздің көзқарасыңыз өзгере бастайды. Жұмыс, достар, қызығушылықтар, мұны барлығы да жайына қалады. Бұл — қалыпты жағдай.

Есіңізде болсын: өміріңіздегі құндылықтардың бірі — отбасыңыз бен үйіңіз. Сондықтан сіз жақындарыңызбен көп уақытыңызды өткізуге тырысуыңыз қажет.

Егер сіз жұмыстағы уақытыңызды тиімді пайдалана білсеңіз, демек, сіз мансабыңыздың жоғарылауына да қол жеткізе аласыз. Бірақ бұл ереже үйде қолданылмайды. Бос уақытыңызды үйде де тиімді пайдалана біліңіз. Мысалы, көлікте балаңызбен келе жатқанда, еш уақытта радионы қосып қоймаңыз, одан да балаңызбен сөйлескеніңіз жақсы. Оған сұрақтар қойыңыз, жауаптарын мұқият тыңдаңыз. Онымен бірге киноға барыңыз, қыдырыңыз. Жазғы демалысты отбасыңызбен өткізіңіз. Отбасыңызбен бірігіп өткізген жазғы демалыстың пайдасы көп. Мұндай кезде бар зейініңізді балаңызға аударыңыз: онымен ойнаңыз, сөйлесіңіз. Балаңызға көп сұрақтар қойыңыз, яғни балаңызбен тығыз байланыс орнатуға тырысыңыз. Бұл оны жақын тануыңызға себеп болады.

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

8 Пікірлер

  1. Салеметсиздер ме, маган осы сиякты педагогика саласында, макала усына аласыздарма

  2. Екинши бала дуниеге келгенде, тунгыш балада кызганыш сезим пайда болып минези озгереди. Осыган байланысты тунгышыма кандай комек беруим керек. Тунгышым озимшилдеу болып оскен.

  3. Салеметсиздерме? Маган мына сайт унады бул материалдарды телефонга калай жуктесе болады.

  4. Салеметсиздер ме? Менин коятын сурагым бар. Казир еки кишкентайым бар. Сонда да жумыс истеп журмин. Жумысым озиме унайды, аса ауыр да емес. Тек балаларыма карайтын туракты адам болмай калганда, киналып каламын. Бала омириндеги ананын роли жогары гой. Олармен де кобирек уакыт откизгим келеди. сиздер не дейсиздер?

  5. Кем дегенде баламен кунине он еки рет кушактап сойлессе бала жаксы коретининди сезинеди екен.

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз