Басты бетке Балалар әлемі Бала психологиясы Баланың агрессиясы

Баланың агрессиясы

125
5
Бөлісу

Тістелеу, ұрып-соғу, төбелес 2 мен 4 жас аралығындағы көптеген балалардың өзінің ішіндегі күйін білдіретін бір-бірімен қарым-қатынас формасы болып табылады. «Мен ашуланып тұрмын», «Мен мынаны қалаймын». Өзінің өтініші мен тілегін басқаша жеткізе білмейтін олар жұдырық пен кішкентай тістерінің көмегіне жүгінеді. Бұл бала дамуының қалыпты сатысы болып табылса да, мұндай агрессия кейін әдетке айналып кетуі мүмкін. Бойындағы агрессиясын баса алуды, айналасындағылармен ауызша араласуды үйренбеген балалар есейген соң проблемаларын көбіне төбелес, күш қолдану арқылы шешуге құмар болады. Төбелес арқылы олар өздері қалаған барлық нәрсеге қол жеткізе аламыз деп ойлайды.

Егер сіздің балаңыз дамудың осындай сатысынан өтіп жатса, оған ерекше назар аударыңыз. Мектепке бармайтын балаңыздың біреуді ұрғанын көрсеңіз, алдымен жәбір көрген балаға барыңыз. Ренжіп жылап қалған баланы көтеріп, «Ермек сені ренжіткісі келмеді» деп айтыңыз. Содан соң оны құшағыңызға алып, бетінен сүйіп, бөлмеден алып шығыңыз. Осылайша, сіз назарыңызды ренжіген балаға аударып, өз балаңызды көзіңізге ілмейсіз. Бір кезде сіздің балаңыз ойынның аяқталып, өзі жалғыз қалғанын байқайды. Әдетте мұны 2-3 рет қайталаған жөн, сонда сотқар бала ойланады.

Тәртіп орнатыңыз. Басынан бастап балаңызды ережеге бағынуға үйретіңіз. Жай ғана «Біз ешкімді ұрмаймыз және бізді де ешкім ұрмайды» деп айтуға кеңес береміз. 4 және одан жоғары  жастағы балалар үшін талап қойғанда, себебін егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. «Біздің үйде тәртіп орнатылған, егер саған ойыншық керек болса, ал онымен басқа біреу ойнап отырса, онда сәл күте тұр».

Күш қолданатын балалар өз мінез-құлқын басқара алмайды. Мысалы, өзі ойнағысы келген ойыншықты басқа баланың қолынан көргенде өзін-өзі ұстай алмайтын бала қызбалық танытып, оны тартып алуы мүмкін. Сондықтан ережеге бағынуы керектігі жайлы үнемі ескертіп отыруыңызға тура келеді.

Баланың агрессиясы байқалған кезде, оған проблемаларды шешудің басқа альтернативті әдістерін ұсыныңыз. «Мұндайда сенің ұрғың келеді, бірақ бұл дұрыс емес. Одан да маған ашуланғаныңды айт. Сен маған оны ұрғың келетінін айтуыңа болады, бірақ оны жүзеге асыруыңа болмайды» деп түсіндіріңіз.

Балаңыздың ар-намысына тиісетін балалардан аулақ болыңыз. Ауызша агрессия назарыңыздан тыс қалмасын, көбіне ол төбелестің бастамасы болып табылады. Мұндай жағдай туындап жатса, ұрған баланы кінәламаңыз, төбелесті бастаған балаға назар аудармаңыз. Ауызша агрессияны бірінші бастаған бала да жазалануы тиіс.

Үзіліс жариялаңыз. Жаман тәртібін өзгертудің ең тиімді жолы тыныштандыру сәті болып табылады. Кішкентай балаларды ештеңеге алаңдатпай, 2-3 минутқа орындыққа отырғызып қою керек. Ал ересектеулерін өз бөлмелеріне жіберіңіз. Бірақ мұны жаза ретінде қолданбаңыз. Жай ғана бәрінің де тынышталып, бір-бірін қатты ренжітпеуі үшін осындай қадамға барғаныңызды түсіндіріңіз. «Сендер төбелесті қоя алмайсыңдар, ал мен сендердің тату болғандарыңды қалаймын. Сондықтан мен сендерге көмектесуді шештім. Сендер тынышталғанша, 2-3 минутқа үзіліс жарияланады».

Ынтасы үшін мақтап қойыңыз. «Маған сенің істеген әрекетің ұнады» деп айтыңыз оған. Балаларға шынымен де риза болған ата-ананың мақтауы жақсы әсерін тигізеді. «Жақсы бала», «жақсы қыз» деп айтпаңыз. Бұған балалар аса көп назар аудара бермейді. Одан да «Сен төбелеспей, ініңе ойыншығыңды бергенде саған риза болып қалдым. Енді оны саған сеніп тапсыруға болатынын білдім» деңіз. Мұндай мақтаудың бала үшін үлкен маңызы бар. Мақтау баланың өзін жақсы әсер қалдыратынын сезінуіне мүмкіндік береді.

Сәттілік сценариін ойлап табыңыз. Басқаларды қорқытып, ойыншығын тартып алып, кезегін күтпей, әткеншекке отырған бала бір кезде өзінің жалғыз қалғанын, достарының жоқ екенін сезінеді. Сондықтан өзі де тәртібін өзгерту үшін қызығушылық танытуы мүмкін.

Баланы сын тұрғысынан ойлай білуге үйретіңіз. Алдымен онымен күш қолданған жағдайда не болатыны жөнінде сөйлесіңіз. Егер сіздің балаңыз балабақшада ойын алаңында үнемі біреуді ұратын болса, сіз одан «егер сен төбелескеніңді қоймасаң, соңы не болатынын білесің бе?» деп сұраңыз. Ол сізге «кезекші мені директорға апарып, ойын алаңынан шығарып жібереді» деп жауап береді. «Бірақ сен өзіңді мақтағанды қалайсың ғой? Сенің әрекеттерің мақтайтындай, саған сәттілік әкелетіндей не істеуіміз керек?» Балалар бұған үлкен дайындықпен кіріседі.

Өзінің кінәсін түсіне бастағанда, сіз балаңызға тәртібін өзгертуіне мүмкіндік бере аласыз. Мысалы, егер бала ойын алаңында агрессиясын білдірсе, сіз оның өзгеремін деген тілегін есіне салыңыз. Ойынға қатысуға бола ма деп сыпайы түрде сұрау керектігіне көзін жеткізіңіз.

Жаман тәртібін өзгерту үшін күнделік бастаңыз. Кішкентай бала агрессия белгілерін білдіре бастағанда, басты кейіпкер сіздің балаңыз болатын әңгіме құрастырып көріңіз. Журналдардан қиылған немесе баланың өзінің суреттерін қолданыңыз. Бала өзін жақсы жағынан көрсететін, мақтауға тұрарлық жағдай туғызыңыз. Балаңыз күйгелектенбей, тыныш отырғанда сөйлесіңіз. Баланың бойында эмоционалдық «асқынулар» басталғанда, оны тыныштандырамын деп әуре болмаңыз.

Балаңыздық қиялымен бөлісіңіз. Бұл – өзінің тәртібіне басқаша қарауға мүмкіндік беретін айтарлықтай тиімді тәсіл. Мысалы, ойын алаңы тек өзіне ғана тиесілі болғанын қалайтын бала оған қиялында қол жеткізуіне болады. «Жақсы, бір апта бойы тек Әсет қана ойын алаңында ойнайды. Басқа ешкім әткеншек теппейді, доппен ойнамайды. Барлығы да оны қоршап, оған қол соғады». Әсет өзінің арманының тек қиял болып табылатындығын және күлкілі екендігін түсінген соң, онымен байсалды түрде сөйлесіңіз. «Көрдің бе, бұл арманың керемет болғанымен, шындығында сен ойын алаңын жалғыз өзің ғана пайдалана алмайсың, басқа балалармен бірігіп ойнаған қызықтырақ. Сондықтан не істеу керектігін ойлап табайық».

Тіпті шектен шыққан жағдайда, күш қолданыңыз. Тек агрессия баланың немесе басқалардың өміріне қауіп төндіретіндей болса, балаңыздың агресшіл жаулық ету әрекетінің алдын алыңыз.

Егер күш қолдануға тура келсе, балаңызды артынан құшақтап, қолынан қысыңыз. Аяқтарын өзіңіздің аяғыңызбен құрсаулап, иегіңізді оның басы жетпейтін деңгейде ұстаңыз. Күш қолдану кейбір балалардың ызасын келтіреді, ал кейбірін тыныштандыра аласыз. Тек сіз баланы оны тыныштандыру үшін ғана ұстап тұрғаныңызды білдіретіндей әсер қалдырыңыз. Оған ашуланып, қызбалыққа салынбаңыз. Әйтпесе өзіне тап берді деп ойлап қалуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісіп, бізге қолдау көрсетіңіз!

5 Пікірлер

  1. С əлеметсіздерме?5жасар ұлым балабақшаға барып жүргеніне 1ай болды.балалар ұрады,менімен ешкім дос емес деп 2рет шағымданды. Қалай көмек беремін?

  2. Саламатсыз ба менин 4 жастагы улым оте уялшак балабакшага барады коп сойлемейді? Уйде пысык кой сыртка шыкканда ундемей калады ? Не істеуге болады? Енеме ренжіген кезде урып урсатын едім содан коркак болып калган жок па екен) окінем урганыма баланын ешкандай кінәсі жоккой…)

  3. Саламатсыз ба менин 4 жастагы улым бар садикке барады коп сойлемейді бірдене сурасам жылайды дейді апайы…сыртка шыккандада коп сойлемейді не істеуге болады?

  4. Салеметсызбе?!Менын улкен улым биыл 2 сыныпка барады.Ол улым уйден акша урлайды,бауырынын суга тусетин киымын урлап кайда тыгып койганын блмимин,озынде де сондай киымы бар.Сабактан шыкканда 2,3 сагат ойнап уйге кешыгып келеды,калай жумыс жасасам болады комектесынызшы отиныш

Жауап жазыңыз

Пікіріңізді жазыңыз
Өз атыңызды осында жазыңыз