Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жүктілік кезіндегі шаш пен тері

Жүктілік кезіндегі шаш пен тері

Аяғы ауырлап, ағзасында биологиялық өзгерістер басталған әйелдің шашы мен терісінде де өзгерістер болады. Мұндай өзгерістерді жақсы өзгерістерге жатқызамыз. Себебін осы мақаламызда ашып көрсетеміз.

Шаштағы өзгерістер
Жүкті көптеген әйелдердің шаштары мықты әрі жуан болады, көп түспейді, жылтырау қасиеті артады. Оның себебі әйел ағзасы бөлетін гормондардың жүктілік кезінде көбеюінде жатыр. Гормондық белсенді өзгерістер әр түрлі ағзаларға әсер етеді, соның ішінде, шашқа да. Кей әйелдердің жүктілікке дейін сынғыш келген, көп түсетін және зақымдалған күйде болған шаштары қалыпқа келеді.

Ұзақ уақыт бойы бас терісінде тұратын шаштармен қатар жаңадан шаштар өсіп шығады да жүкті әйелдің шашы қалыңдайды. Бірақ босанғаннан соң шаш қайта жұқарыпып кетеді. Босанудан соң күніне 50-80 шаш талшығы түсіп отырады. Ал жүктілік кезінде түсетін шаш талшықтарының саны бірнеше есеге азаяды. Осыны ескерсек, босанғаннан кейін шаштың бірден түсіп кетуін қалып табиғи жағдай деп қабылдау керек.

Жүктілік кезіндегі қалың шашты әдеттегі сусабынмен (шампунь) жуа беруге болады, иісінің өзіңізге жағымды болғаны дұрыс. Химиялық қоспалары бар шаш бояуға арналған заттарды қолданбау керек. Мамандар: «Бояу құрамындағы химиялық хаттардың бас терісіне өтіп, сол жерден қан тамырларына өту арқылы жатырдағы ұрыққа баруы мүмкін» — деп санайды.

Терідегі өзгерістер
Аяғы ауыр әйелдің терісі жүктілік кезінде белсенді түрде жүріп отыратын зат алмасу процесінің себебінен болатын дұрыс қан айналымының арқасында теріге қажетті қанмен қамтамасыз етіліп отырады (қажетті қан дегеніміз қан арқылы келуі тиіс барлық заттарды бойында сақтаған қан). Сол себептен және тері құрамындағы судың есебінен тері жақсарып, қызғыш түсті болады. Бірақ ағзаның гормондарды көп мөлшерде бөлуі тері пигменттерінде өзгерістер тудырып, теріде дақтар, сызықтар немесе соған ұқсас белгілер пайда болуы мүмкін. Дақтар мен белгілер жүктілік аяқталғаннан соң қайтып кетеді. Дақтардан басқа, әйел терісі бұрын болмаған түтіркену қасиеттеріне ие болуы да ғажап емес. Ондай жағдайда үстіндегі киімінен де терісі тітіркенетін болады. Қышиды.

Жүктілік кезінде бөлінетін гормондар терінің сезімталдық қасиетін арттырады. Сезімтал тері өзгеріске жылдам ұшырады. Сол себептен терінің түсі өзгереді. Кейде майлылығы артып кетеді.

Күнге күю (қыздырыну) және солярийге бару секілді амалдар жүкті әйелдің терісінде меланома деген онкологиялық тері ауруларының пайда болуына себеп болады. Күн өтіп кетуден сақтану керек. Күннің әсерінен болатын жағымсыз жағдайлар дені сау адам үшін де үлкен соққы болып тиеді. Ал бойында шаранасы бар аяғы ауыр әйелдер үшін Күн көзінен болатын зияндылықтар 2-3 есеге көп болмақ.

Жатырдағы бала өскен сайын құрсақтың көлемі үлкен бола береді. Мұндай жағдайда терінің керілуі (созылуы) байқалатын жағдайлар болады. Терісінің созылмалы қасиеті нашар әйелдерде көп кездеседі. Терінің созылуы құрсақта, бөкседе және омырауда (емшекте) байқалады. Тері керілген аймақтарда қызыл, қызғыш түсті сызықтар көрінеді.

Жүктілік кезінде тері күтімінде өзгерістер қажет болады. Сол өгерстерге қарай күтім болкы керек. Ал егер айтарлықтай өзгеріс болмаса, қалыпты жағдайда пайдаланатын түрлі майлар жарай береді. Қолданылатын майлардың құрамында зиянды қоспалардың болмағаны жақсы. Тері күтіміне арналған майлар құрғап кеткен, қышитын теріге дауа болады.

Ұқсас мақалалар

Босанудан кейінгі сұлулықты сақтау

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

3 комментария

  1. Сулушаш

    Сәлеметсіздер ме? Мен 23 жастамын,1 ұлым бар.Ұлға аяғым ауыр кезде (8 айлық) үстіме жара пайда болды,содан үстімнің бәрін қаптап кетті,Дәрігерлер еш емін таба алмады.Бармаған жерім қалмады.Енді екінші балаға аяғым ауыр енді дәл сол жара қайта басталды,не істесем болады.Күндіз-түні қышып аза бермейді.Күннен күнге көбейіп бара жатыр.Егер білсеңіздер ақыл-кеңес берсеңіздер деймін.

  2. жуктилик кезде шаш киюга бола ма?

    • Айгуль

      Жуктилик кезде шаш киюга болмайды . 1 билерим шаш кию баланын омирин киюмен тен деген

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика