Басты бет / Сұрақ-жауап / Жасанды толғақ деген не?

Жасанды толғақ деген не?

Жасанды толғақ деген не? Ол не үшін жасалады? Зияны бар ма?

Жасанды толғақ дегеніміз толғақты қолдан жасау әрекеті болып саналады. Оның түрліше әдіс-тәсілдері бар.

Толғақтың мұндай табиғи емес түрі мынадай жағдайларда жасалады: жүктілік 41 аптадан асқанда, қанның жоғары қысымы әйел мен ұрық денсаулығына қатер төндіргенде, ұрық дамымай (өспей) қалғанда, резус қайшылығы, табиғи толғақ басталып бірақ аяқталмай қалғанда, әйелден су аққан соң толғақтың келмей алғанында, табиғи толғақ нәтижесіз болғанда және түрлі кеселдердің кері әсерлері болғанда.

Жасанды толғақ жүкті әйел үшін және туылғалы жатқан сәби үшін де зиянды болып табылады. Бірақ кей патологиялық жағдайларда ауыр зардаптарды болдырмас үшін жасанды толғақ жасалады. Жасанды толғақ арқылы туылған сәбилер қалыпты жолмен туылған сәбилерге қарағанда көбірек күтімді қажет етеді. Ал ондай әдіспен босанған әйелдер қалыпқа келулері үшін көп уақыт және көп емделуді қажет етеді.

Ескерту!
Кей жағдайларда дәрігерлер немқұйлылыққа салынып, бірден жасанды толғақ жасауы мүмкін. Ондай жағдайда босанатын әйел жасанды толғақ жасауға дәлел болатын дәрігерлік негіздемені біліп алу керек.

Ұқсас мақалалар

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босану қалай өтеді?

Қызықты мақалалар

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз …

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика