Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік (внематочная беременность) — аналық ұрық жасушасы мен аталық ұрық жасушасының қосылып, олардан ұрықтанған жұмыртқаның әдеттегісінше жатырдың шырышты қабатына келіп түспей, аналық безде немесе жатыр түтігінде (фаллопий түтігі) қалып, сол жерде дамуы, яғни ұрықтың жатырдан тыс жерде дамуы. Ұрықтанудың барысында аналық безден келетін ұрықтанған жасуша жатыр түтігі арқылы жатырдың жоғарғы бөлігінедегі шырышты қабатқа жету керек. Жатырдан тыс жүктілік кезінде ұрықтанған жасуша тиісті жеріне жетпей, жарты жолда қалып қояды. Осының салдарынан отбасылардың балалы болу мүмкіндігі жойылады.

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс жүктіліктің симптомдары

ЖТЖ алғашқы кезінде қалыпты дамиды, жүктіліктің алғашқы белгілері біліне басайды. Бірақ…

Жатырдан тыс жүктілік бар болса, уақыт өткізбестен мамандарға қаралып, оның зардаптарына қарсы тиісті шараларды қолдану керек.

ЖТЖ бар екенін анықтау үшін мынадай белгілерге көз жеткізу керексіз:

  • кезекті етеккірдің кешеуілдеуі (кейде бөлінетін қан аз болады);
  • 6-10 аптадан кейін кіндік тұсында (жатыр түтіктеріне жақын маңда) шаншу пайда болады;
  • толғаққа ұқсас аурулар сезіледі;
  • қан қысымы төмендеп, құлап қалуы мүмкін;
  • кейін әйелдің жыныс мүшесінен қызыл-қоңыр түстес сұйықтық бөлінеді: ол ұрысқтың дамуына қажетті орта мен азықтың болмауынан ұрықтың өмір сүру мүмкіндігін жоғалтқанының белгісі.

Жатырдан тыс жүктіліктің себебі неде?

ЖТЖ-нің пайда болуына әйелдің суықтауы, жасанды түсік жасату, эндометриоз ауруы, босануды ауыр өткізу сынды жайлар себеп болады. Өйткені бұл аурулар асқынған жағдайда жатыр түтікшелерінде ауытқулар орын алуы ықтимал. Кейбір әйелдерде жыныстық жетілудің толық дамымауы, жатырдағы түтікшелердің тар болу жағдайлары кездеседі. Бұл да ұрықтың жатырға жетпей, түтікшеде қалып қалуына әкеп соқтырады.

Тағы басқа себептер қатарына экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКО), кіші жамбас аймағында болған қыбынбалы аурулардың салдарынан жатыр түтіктерінің өз қызметтерін атқаруға қабілетсіз болуларын жатқызуға болады.

Жатырдан тыс жүктіліктің салдары (зияны)

«ЖТЖ-тің соңы немен аяқталуы мүмкін?» деген сұрау туады. Оғар берер жауап мынадай болмақ:

Жатыр түтіктері ұрықтың дамуына арналмаған. Олар жатырдың қызметін атқаруға мүлдем қабілетсіз. Уақытында жойылмаған жатырдан тыс жүктілік жатыр түтігінің жарылуына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда ұрық (эмбрион) қан арқылы құрсақ бөлігіне келіп түседі. Құрсақ аймағынан қан кету жағдайы ЖТЖ-ның аяқталғандығын білдіреді. Соның салдарынан әйелде кездесоқ ауыр тиетін аурулар пайда болып, талып қалу, сандырақтау болып, әйелдің ауруханаға түсуі мүмкін. Қиын жағдайға тап болған әйелге хирургиялық жолмен ота жасауға тура келеді.

Жатырдан тыс жүктіліктің диагностикасы

Қазіргідей заманда ЖТЖ-ны медицинада ультрадыбыстық зерттеу және қан құ­рамын тексеру арқылы ерте бастан анықтауға болады (алдымен қан арқылы жүктіліктің бар екенін анықтайды, кейін күдік тудырса, ульрадыбыстық қондырғымен жатырды тексереді. Егер жатырда ұрық болмаса, онда ЖТЖ бар деген сөз). Тәжірибелі гинеколог-дәрігер жатырдың көлемін сырттай сипап көру арқылы да біле алады, өйткені бос жатыр жүктілік мерзіміне сай болмайды. Жатыр түтікшелерінің көлемі ұлғаюы да күдік туғызады. Осы белгілер арқылы қатер ертерек анықталса, жатырдан тыс болған жүктілікті дәрі арқылы да тоқтатуға болады. Бұл кезде әйел дәрігер бақылауында болуға тиіс: стационарға жатқызылады, ұрық дәрігерлердің бақылауынан өтеді. Ал егер жүктілік 10 аптадан асып кетсе, онда ота жасатуға тура келеді. Жүктілік жағдайында кез-келген нәрсеге мұқият болу керек екендігін осыдан да ұғуға болады.

Ұқсас мақалалар

Темекі жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Жетілмей қалған жүктілік

Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

Қызықты мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. …

5 комментариев

  1. Жатырдан тыс жүктілікті қалай тартып алуға болады

  2. Сәлеметсіздерме!Менің қазіргі ойлап жүрген бір сұрағым бар еді.Жігітім екеуміз екеуміз ешқашан жынысьық қатынаста болмап едік, бірақ жақында жігітім қалағасын өз мүшесін менің артқы жағыма тығып еді,білмеймін содан енлі қорқып жүрмін одан ештеңе болмайма? қандай зияндары бар айтып бересіздерме?

    • мөлдір

      Егер қан ақпаса,яғни қыздығыңыз түспесе онда уайымдаудың қажеті жоқ.мүмкін болса, үйлегенше жігітпен жақындаспауға тырысыңыз. Себебі сіздің маңдайыңызға не жазылғанын білмейсіз, сол үшін ойланыңыз!!!!

  3. Хамида

    Сəлеметсізба мен үшінші баламда трупканы байлатдым кесер операцияда.артынан дарігерден сурасам трупканды кесіп тікдік деді.қайта қалпына келтіруге болама.

  4. Арайлым

    Егер жатырдан тыс жуктилик болсада жуктиликти аныктайтын тестпен тексерсе еки сызык шыга береди ме

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика