Кесарь тілігі

Кесарь тілігі – əйел адам өздігінен баланы дүниеге əкеле алмаса, не табиғи жолмен босану ана мен бала өміріне қауіп туғызса жасалынатын операция. Барлық басқа операциялар сиақты, кесарь тілігі де тек көрсеткіштер бойынша жасалады, олар: нəрестенің көлденең орналасуы, нəресте басы өлшемдері жамбас өлшемдерінен үлкен болуы, балажолдастың жатыр мойын кіреберісін толықтай жауып тұруы. Ал баланың жамбаспен келуі ( аяқпен не көтенімен) кесарь тілігіне анық көрсеткіш емес, бұл кезде кейде табиғи босануға да мүмкіндік бар, бірақ ер балада көбіне кесарь тілігіне алады, болашақта ол балада бедеулік болмас үшін. Əйел адам денсаулығына байланысты, табиғи босануға қарсы көрсеткіштер болғанда жəне жоғарыда аталған жағдайларда жоспарлы түрде кесарь тілігіне жүгінеді.
Кейде, босану барысында қандай да бір асқыну дамып, жедел босануға алып кетуі мүмкін. Мысалы, босану барысында ұрықжолдас ажырап кетсе, не сусыз период 1 тəуліктен асып, жатыр мойыны ашылмай жатса, балада гипоксия белгілері көрініс бере бастаса ( брадикардия) т.б.
Қазіргі таңда кесарь тілігімен босандыру жиілеп кеткені рас. Бұның себебі, оған мемлекеттен бөлінетін ақшада, не болмаса дəрігерге солай ыңғайлы болғаннан емес. Бұған себеп: босандыру кезінде ваккум-экстракция, шипцыларды қолданылуға тиым салынды, себебі ол əдіс баланы қатты жарақаттайды. Əрі қазір медицина дамып, əртүрлі босану кезінде болуы мүмкін асқынулар ерте анықталынып, кесарь тілігін дер кезінде жасайды. Есесіне, бұрынғы кезбен салыстырғанда, ана мен жаңа туған нəресте өлімі азайған.
Ең бастысы, пышаққа жайдан-жай салынбайды. Ана мен бала денсаулығына қатысты көрсеткішке байланысты.

Кесарь тілігімен босанатын көп ананы толғандыратын мəселе – ол анестезияның қай түрі дұрыстығы туралы.
Қандай жанама əсері бар депте уайымдайды.
Өзімнің түсінгенім, анестезияны барынша тезірек сыртқа шығару керек, сонда дəріден болатын бас ауруы, бұлшық еттер тартылуы болмайды. Ал ол үшін, 1ші тəулікте 4-5 литр, ал ары қарай күніге 2-3 литр су ішу қажет, 2 апта бойы. Сол үшінде реанимацияда физиологиялық ертіндіні тоқтаусыз «капать» етеді. Ал » укол салған жерім ауырады, арқам тұрғызбайды» дейтін жандар, көп нəрсе анестезиолог біліктілігіне байланысты. Көптеген форумдарда əйелдердің бірқатар бөлігі ешқандай арқа, бел ауруы жоқ, барі жақсы деп айтады. Соның ішінде, өзімде бармын, Аллаға шүкір. Спинальды анестезияның тағы бір жағымды жағы, баланы дүниеге келе сала көріп, иіскеп үлгеретініңіз. Əрі, бұндай анестезия түрі балаға əсері өте аз. Сондықтан, егер сізде бел омыртқасында ешқандай сырқатыңыз болмаса анестезияның бұл түрінен қорықпаңыз.
Экстренді жағдайларда бірден эндотрахеальды наркоз əдісі қолданылады. Бұл əдіс кезінде сіз терең ұйқыда боласыз. Əрі оянғанда өзіңізді ауыр сезініп, эндотрахеальды трубкаға лоқсып, тыныс жолдарына құсық массасының түсіп кету қаупі бар. Бірақ, ана мен бала өміріне қауіп төнсе, не анаға бел омыртқасына анестезия салуға болмаса дəл осы тəсіл таңдалады.
Анестезия тəсілін таңдауда анестезиологқа өз денсаулығыңыз туралы толық хабар бергеніңіз маңызды.
Кесарь тілігімен босанған əйел күтімінде еш ерекшелік жоқ.
Тек ауыр зат көтермеу қажет. Спайка болмас үшін баяу жүріп, ішке тыныс жаттығуларын жасау керек.

Айдана Кеңесханқызы

Яндекс.Метрика