Осы 10 құпияны меңгерсеңіз Мінсіз әйел бола аласыз .

Жылы қарсы алу.
Күйеуі жұмыстан, іссапардан немесе көп уақыт үйде болмай оралған кезде әрдайым қуана, жылы жүзбен қарсы алыңыз. Ол кісіні әдемі киімде, хош иіс сеуіп қарсы алыңыз. Әңгімені жақсы жаңалықтармен бастап, нашар хабарды кейінге қалдырыңыз. Сөздеріңіз жұмсақ және жайдары болсын. Күйеуіңіз келуіне дәмді тағам дайындаңыз.

Күйеуіңіз үшін сәндену
Тек күйеуіңіз үшін сәнденіп, иіс су себіңіз. Тек жұбайыңыз үшін әдемі көрінуге тырысыңыз, өйткені кез-келген ер адамға оның әйелі сұлу көрінгені жағымды. Өз тәніңізге қараңыз. Мезгіл мезгілмен бейнеңізге өзгеріс ендіріңіз. Мысалы: шаш үлгісін өзгертіңіз. Бірақ қанағатсыздықтан сақтаныңыз.

Әңгімелесіп тұру.
Шынайы түрде оның жұмыстарына көңіл бөліңіз (сұрап тұрыңыз). Күйеуіңізді тыңдай біліңіз. Оған қажет кезде жақсы кеңес беруге тырысыңыз. Адамның шынайы сөйлесуі көбірек болса, ара-қатынасына разылық танытады.

Ризалық таныту.
Күйеуіңіздің бар болғаны үшін және сіз үшін істеп жатқандарына риза болыңыз. Күйеуіңізге риза болағаныңыз, Алланың жазғанына разы болғаныңыз. Күйеуіңіздің жұмысында немесе қаржылық қиындық болғанда оны жегідей жей бермеңіз. Сізден де жағдайы төменге қараңыз және осыған разы болыңыз.

Қадірлей білу.
Күйеуіңізден мүмкін емес(шамасы келмейтін) нәрсені сұрамаңыз. Өзіңіздің мақсатыңызға жететін құрал ретінде пайдаланбаңыз. Өз қандай, сол қалпында қабылдап, бағалаңыз. Нәтижесінде күйеуіңіз сізді одан қатты сүйеді.

Адал болыңыз.
Көнгіш болу.
Әйел әрдайым күйеуіне қорғанышқа кіріп, өз дегенінде тұрып алмау керек.

Әйел жұмсақ, көнгіш болу керек. Исламда — ер адам үйдің басшысы. Әйел оған қасарыспай, оны тыңдап және қолдау білдіру керек.

Сыр сақтай білу.
Сіздің араларыңыздағы жеке әңгімені, отбасыңызға қатысты нәрселерді араларыңызда қалдырыңыздар. Бөгде адамдарға күйеуіңіздің кемшілігін айтпаңыз.

Құрметтеу.
Күйеуіңіздің отбасын, туыстарын және достарын құрметтеңіз. Оларға жылы шырай және мейірбандық танытып, қонаққа шақырыңыз, қонақ болып барыңыз, әрдайым туыстық қарым-қатынаста болыңыз. Сіз күйеуіңізді екі оттың ортасында қалдырып, бірін таңдайтын жағдайға қалдырмаңыз.

Жақсы үйбикесі болу.
Күйеуіңізге үйге қайту және онда болуға жағымды болатындай үйді таза әрі реттеп қойыңыз. Тек қана әйел үйді жайлы жағдай жасап, күйеуін шексіз бақытты ете алады.

 

Яндекс.Метрика