Әйел құпиясы

Енем алтын адам!

Мен өзім Шымкентте туып өстім, кейіннен Астанаға көшіп кеттік, мектепті Астанада оқыдым. Менің сыныптас қыздарым жігітпен жатып жүрсе,ойланушы едім оларды кім алады деп. Бірақ,Солтүстікте мүлде ондай қыз, «қыз емес» деген жоқ екен. Мен Шымкенттің жігітімен жүрдім. Сосын онымен 18 жасымда болып қойдым. Қыз болып шықтым. Уақыт өте келе ол мені тастап кетті. Қазірше жағдайым жоқ, анау-мынау деп. Ал негізінде оның әйелі,балалары бар екен. Сосын енді кімге керегім бар деп ойланып жүргенімде,Көкшетаудың жігітімен таныстым.Мен такси тоқтатып тұрғанда ол тоқтап,үйге дейін апарып тастаған болатын.Содан номер сұрады бермедім.Жол жөнекей қайда оқитынымды сұрады,мен айттым.Содан ертесіне есік алдында гүлмен мені күтіп тұр екен.Колледжге апарып тастады.Күнде солай псыйлықтар,қыдыру көп болды.Таксистпін деп айтқан болатын,бірақ өтірік екен.Министрлік те жұмыс жасайды екен.Үйінің жалғыз баласы,тек анасы ғана бар екен.Оқуымның ақшасын,күнделікті тамағымның ақшасын беріп тұрды. Ұнатқан киімімді алып беріп жүрді. Демалыс  алғанда  Бурабайға,Алматыға,Каспийге баратынбыз.Өмірде өзім көп нәрсе көрмеген едім.Барлық қаланы көрдім.Туылған күнімді ешқашан өткізбеген едім.Алғаш рет сонынмен бірге керемет етіп атадық.Бір жылдан астам жүрдік.Мені туралы оның ата-анасы бәрін білді.Үйленеміз деп күнді белгіледік.Жаз болатын.Бурабайға демалуға бардық.Сосын бүгін бірге жатамыз дегенде өзімнің қыз емес екенім есіме түсті.Ішім қан жылады.Алладан көмек сұрадым.Содан бөлмені романтикалық етіп дайындап қойған ал менің көңіл күйім мүлде болмады.Не болсада айтамын деп бәрін айтып бердім.Ол болса жымиып,
-Саған сенемін: «Мен сені қан үшін тастамаймын»- деді. Мен болса сасқанымнан,мамаға не айтасыз деппін ғой.Ол күліп
Мамам,жақындарыма бәрібір,Көкшетау Шымкент сияқты емес деді.
Сосын бірге болдық.Онымен болған кезде де қатты ауырды.Өзі мені шомылдырып,ұйықтатты.Таңертең тұрсам ақырын тамақ істеп жүр.Тамақтанып Астанаға қайттық.Сосын менің аяғым ауыр болды.Ол қатты қуанды.Үйлендік. беташар,құдалық,қалың мал білмейді екен.Бірақ бәрін біздің айтуымыз бойынша жасады.Қазір міне баламызда туылды. Баланың шығарып алуымыз да керемет етіп жасадық.Ұл туып бердің деп машина сыйлады. Мені де баламызды да қатты жақсы көреді.Ешкімге қарамайды.Инста,вк кірмейді.Мен оны Инстаға историяма салсам күледі.Бір күні туалетке барғанымды салмасаң болды деп.Орамал,тарт,таңертең ерте тұр деп ешқашан айтпаған.Енем алтын адам.Бірге бутик аралаймыз енеммен.Мен босағанда күйеуім жұмыста болып, жаныма енем кірді. Мен туған анамдай жақсы көремін.Тағамды жасасам мақтап отырады.Түрімді,шашымды,мінезімді подругалары келген сайын мақтап айтады.Иншаллах менде осындай ене боламын.Аллаға шүкір осындай өмірге! Ешқашан ойламаппын мұндай болады деп. Жігітім тастаған кезде жылап,өз-өзіме қол жұмсаймын ба деп ойлаған болатынмын.Жоқ Аллаға шүкіршілік етемін, Алла маған көмек берді.
Иа Расымен де.Жігіттер өздері қыздарды бұзып алып,өздері пәк қыз іздейді.Ұзақ болса кешірім сұраймын. Барлығыңызға Алла бақытты өмір нәсіп етсін!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.