Әйел құпиясы

«Күйеуім – оңбаған адам. Көзіне әдейі шөп салдым»

Сөйлескім келіп, түсініспек болып қаншама рет әңгімеге тартсам да, онымнан түк шықпады. Шиден шикіл шығарып, соңы ұрыс-керіспен, мені аяусыз сабаумен аяқталатын. Жұмысым жақсы, жалақым жоғары, үйіміз тап-тұйнақтай, киімі таза, тамағы дәмді.

Оның достары мені мақтап, қызыға қарайды. Бірақ Серік достарының көзінше де мені қорлап, кемсітетін. Құдай оңдағанда, бізге бала бермеді. Алғашында бала болса, шатақ мінезін қояр деп ойлайтынмын. Кейіннен ортақ баламыздың жоқтығына қуанатын болдым. Бірнеше рет одан кетіп те қалдым, бірақ, отбасымды бұзғым келмей, қайтып оралып жүрдім. Мүмкін, Серікті қатты сүйген шығармын, қылықтарын кешіріп жүрдім. Басқа әйелмен жүретінін де білдім. Бірде оған хабарласып едім, телефонын бір қыз көтерді. Оны сұрап едім, ұйықтап жатыр деді. Кім екенін білгім келіп еді, тұтқаны қоя салды. Үйге келгесін Серікпен сөйлеспек болып әңгіме бастап едім, ол жай танысым дегенді айтты. Ашушаң, қабағы әркез қатулы жүретін, томаға-тұйық мінезімен Серік сөйлеспей қойды. Жұмыстан келеді, тамағын үнсіз отырып ішеді, теледидар көреді, жатқан жерінде ұйықтап қалады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.