Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

Ана сүті – жаңа туған сәби үшін ең таңдаулы әрі жалғыз ғана тағам. Оның мәні неде?
Әр ана өз баласының ең ақылды, әдемі және дені сау болғанын қалайды. Ал балаға қажетті иммунды жүйе мен интеллекттің бұлағы сол ана сүтінің әр тамшысынан табылады. Аналық сүттің сипаттамалары ерекше және пайдасы теңдессіз өнім.

Ана сүтінің қасиеттері мен бала үшін оның мәні

Ана сүті – балаға арналған ең жақсы тағам, бұл оның асқорыту жүйесіне қолайлы құрамда болғанымен ғана шектеліп қоймайды. Ол баланы ауыру сырқаулардан қорғап, бүкіл өмірлік денсаулығының алғашқы негізін салушы. Ана сүтін еміп өскен сәбилер рахит, анемия, дисбактериоз, өкпе қабынуы және әртүрлі инфекциялық ауруларына өте сирек щалдығады. Оларда аллергия, іш өту, құлақ ауыруы болмайды, ал мерзімінен ерте туылған сәбилер жылдам еталып, салмақ қосады. Ана сүтін еміп өскен балада болащақта семіздік, аллергия және брохиалды астмамен ауырмайтыны дәлелденген. Ана сүтінің құрамында жүздеген компоненттер бар. Сүттің құрамы, бала қажеттілігіне сай үнемі өзгеріп тұрады. Ал бастапқыда анадан шығатын уыз, ақуыздар мен минералды заттарға бай. Емізіп жүргеніне біраз уақыт болған ананың сүтінде майлар мен көмірсулар көп болады. Бұл сусынның құрамы қайталанбайды оны басқа ешқандай сусын, тамақ түрімен алмастыру мүмкін емес! Баланың ағзасы сүтті оңай сіңіреді. Ана сүтінің құрамындағы гормондар тобы баланың бір жасқа дейін өсіп, дамуын реттейді, ал ондағы дәрумендер бала ағзасының қажеттіліктерінің барлығын қамтамасыз етеді.

Ана сүтінің құрамы

Ана сүтінің құрамындағы су. Сүттің шамамен 87 % су құрайды. Бастапқы уақытта емізулі бала үшін қажетті сүйықтық мөлшерін осы сүттегі су қамтамасыз етеді. Бұл су биологиялық белсенді және оңай сіңіріледі, сол себепті бірінші 6 ай ішінде балаға қосымша су берудің қажеті жоқ.

Көмірсулар – сүттің ең маңызды құрамдасының бірі. Ол жалпы сүт құрамының щамамен 7% құрайды. Бұл пайыздық көрсеткіштің көп мөлшері лактозадан (сүт қанты) тұрады. Сонымен қатар мұнда аз мөлшерде глактоза, фруктоза және басқа да олиго қантты жүйелер бар. Лактоза сәби үшін тағамның ерекше түрі болып табылады, және ана сүтіндегі оның мөлшері басқа сүт қоректілермен салыстырғанда әлде қайда көп. Баланың дамуына лактозаның маңызы зор. Ол кальций мен темірдің сіңуіне қатысады. Лактозаның әсерінен баланың орталық жүйке жүйесіне қажетті заттар түзіледі. Оның үстіне ана сүтіндегі лактоза ішектегі пайдалы микрофлораның түзілуіне жағдай жасап, патогенді бактериялардың көбеюін төмендетеді. Басқа сүт қоректілермен салыстырғанда ана сүтінде тек көмірсулар ғана емес, оны сіңіруге арналған арнайы фермент – лактаза да бар. Бірақ бұл фермент сүттің майға бай соңғы жағында болады. Бұл ферментті әдетте ұзақ уақыт еметін, түнде көп еметін сәбилер көп алады. Бұл ферменттің сәбиге көптеп баруы үшін ананың да дұрыс емізе алғаны, емізу ережелерін білгені дұрыс.

Майлар. Кез – келген қоректік өнім секілді сүттің құрамында да қажетті мөлшерде майлар болады. Оның мөлшері 4% құрайды.

    Бұл мөлшер сәби ағзасын қосымша энергиямен қамтамасыз ету үшін әдбен жетеді, себебі сүттегі майлар тамаша баланста оңтайландырылған. Бір күндік энергия мөлшерінің 30 – 50 % бала осы майлардың көмегімен алады.

Ана сүтіндегі майлар микроскопиялық түйіршіктер түрінде болады. Олар сиыр сүтінің майларынан кіші болғандықтан оңай қорытылады. Ана сүтіндегі майлардың тамаша тепе – теңдікте болуы, қаныққан және қанықпаған майлы қышқылдардың оңтайлы қатынаста болуымен түсіндіріледі. Ана сүтінде қанықпаған май қышқылдарының мөлшері жоғары. Бұл майлар сәби миының дамуна ықпалы зор. Әсіресе оның ішіндегі ленолды және арахидонды майлар. Ана сүтінде бұл екі майлы қышқылдардың көлемі сиыр сүтімен салыстарғанда төрт есе көп. Сүт құрамдастарының ішіндегі ең тұрақсыз компонент осы майлар болып табылады. Оның мөлшері тәулік ішінде емес, емізіп отырған сәттің ішінде де өзгеріп отырады. Әдетте емізу соңына қарай майлардың мөлшері көбейеді. Солай қоюлығы қаймақтай болғанда балаға тойыну факторы әсер етіп, бала өздігінен емуді доғарады. Бала өздігінен емуден бас тартқанға дейін емізгеннің маңызы зор. Себебі сүттің құнары соңында!

Ақуыздар. Бұл баланың жүйке жасушаларының өсіп дамуна қатысатын негізгі құрылыс материалы. Сүттегі ақуыз мөлшері майлардың мөлшерінен әлде қайда аз, шамамен 1 %. Оның үстіне бала өсіп дамыған сайын, ақуыздың мөлшері бұрынғысынан да кеми түседі. Себебі жаңа туылған сәби мен бір жасар баланың ақуызға деген қажеттіліктері әр түрлі. Бала өскен сайын оның ағзасына ақуыз қажеттілігі азаяды. Өсіп келе жатқан баланың ағзасына шамадар артық мөлшерде ақуыздың келуі, оның бүйректеріне ауырлық болады, семіздік және қант диабетінің даму қаупін тудырады.
Ана сүтіндегі негізгі ақуыз – альфа-лактабульмин, ол қоретену көзі және лактоза синтезіне қатысатын аса маңызды агент қызметін атқарады. Ақуыздардың қалған бөлігі липаза мен лактазадан тұрады, бұлар сүттегі негізгі құрамдықтарды қорытуға қатысады. Сонымен қатар ақуыз компоненттерінің ішінде аминқышқылдары болады: цистин, метионин және таурин. Таурин майларды қорытуға және орталық жүйке жүесінің дамуына қатысады. Жалпы ақуыздар мөлшерінің 30 % қоректендіру қызметін емес, ағзаның қорғану механизмдерін түзуге, яғни, баланың түрлі инфекцияларға төтеп беруін қамтамасыз етеді. Оларға лактоферинді жатқызуға болады. Сонымен қатар арнайы инфекцияларға қарсы тұратын ақуыздар тобы бар: иммуноглобин және лицозим.

Дәрумендер мен минералды заттар. Ана сүтінің шамамен 1 % микроэлементтер, дәрумендер мен минералды тұздардан және биобелсенді заттардан тұрады. Олар аз мөлшерде бола тұра ағзаға тигізер пайдасы орасан зор. Бұл заттарды лабораториялық жағдайда бала ағзасына қолайлы етіп жасау мүмкін емес. Мәселен, ана сүтінде 15-ке жуық гормондардың түрлері бар. Олар баланың ағзасындағы заталмасу процесін реттейді. Ана сүтіндегі темір, бала ағзасымен оңай сіңірілетін түрде болады. Бала оның 70% толық қабылдайды. Сол себепті емізілетін балада темір жетіспеуінен болатын анемия түрі болмайды. Сәбиге қажетті дәрумендер мен микроэлементтердің барлығы тек ана сүтінде болады. Ана сүтінде сәби ағзасына қажетті тұздар, кальций мен фосфаттар болады. Әсіресе, бұл сүттегі кальций мен фосфор арақатынасының оңтайлылығы (соншалық, сәби өзіне қажетті каций мөлшерін оңай алады. Ең бастысы тек анасының сүті ғана бала ағзасына стерильді, қолайлы температурада жеткізіледі, бұл да оның оңай қорытылуының басты себептерінің бірі.

Автордың жеке блогы

Comments 9

  • Қосымша ешкінің сүтін ішеді жəне смесь күніне 2рет

  • Жасым 35те биринши балам Емшекте сут мулдем аз жане кунарсыз сиякты бала куни туни жылай берет тоймагасын, шай да ишип жатырмын коюлап, сорпада, таблетка Апилакта ишип жатырмын еш озгерис жок, не истесем болады акыл кенестериз болса айтыныз даршы отиниш

  • Емшек сути коп жане кою болуы ушин не истесем болады

Яндекс.Метрика