Ананас салаты

Құрамы:

3-4 дана картоп;
200 гр шұжық;
150-200 гр ананас (консервіленген);
3-4 дана жұмыртқа;
1/2-1 данажуа ;
1-2 дана алма;
Лимон шырыны, майонез, тұз, қара бұрыш, грек жаңғағы, аскөк.

Дайындалу жолы:

Картопты пісіріп, тазалап, ірі үккіштен өткіземіз. Ананас пішінді сопақша келген тәрелкеге картопты жаямыз. Оның үстіне жұқалап майонез құямыз. Шұжықты текшелеп не ұзыншалап кесеміз де, картоптың үстіне қоямыз. Консервідегі ананасты төртбұрыштап турап, шұжықтың үстіне жайғастырамыз. Үстіне аздап майонез қосамыз. Одан кейінгі кезек ұсақтап туралған піскен жұмыртқада. Жұмыртқаның үстіне жуаны майдалап турап, тұздап, бұрыштаймыз және майонез құямыз.  Алманы ірі үккіштен өткізіп, лимон шырынын қосамыз. Салатты алмамен көмкерген соң, майонез қосып, оның үстіне жаңғақтарды қойып шығамыз. Дайын болған салатты 1 сағат көлемінде тоңазытқышқа қоямыз. Дастарханға ұсынар кезде аскөкпен не жуа сабағымен сәндейміз.
Ескертпе: Әр қабатты жасағанда құрамдас бөліктерді шанышқының ұшымен ғана жаю керек, нығыздап басуға болмайды және ананас пішінін әр қабат сайын сақтап, түзетіп отырған жөн.

Яндекс.Метрика