«Басма» өзбек тағамы:

Ет
✔ Пияз
✔ Сәбіз
✔ Баялды (баклажан)
✔ Қызанақ
✔ Картоп
✔ Болгар бұрышы
✔ Қырыққабат (капуста)
✔ Сарымсақ
✔ Аскөк (зелень)
✔ Дәмдеуіштер (тұз, бұрыш, кориандр, зира)

Жасалу жолы видеодағыдай. Оңай әрі тез.
Бұл «думляма» емес. Сондықтан, құрғақ майсыз қазанда пісіреміз.
Барлық ингридиенттердің мөлшерін өз қалауыңызша қосыңыз. Дегенмен, еттің үстіне қойылатын пияз көптеу болғаны дұрыс. Пияз дәмді сок бөледі әрі етті былқылдатып, жұмсақ етеді.
Барлығын қазанға салып аламыз. Ең соңында тығыз басып тұратын ыдысты бетіне қойып (тарелка), басып, қақпақпен жабамыз. Ең баяу отта 2-2,5 сағат пісіреміз. Араластырмаймыз, қақпақты ашпаймыз (!)
Қақпақтың үстіне қосымша орамал қойып қойыңыз. Жылу, бу шықпасын.
Өте пайдалы, дәруменге бай тағам. Ешқандай май, ешқандай су қоспаймыз. Өз бабымен піседі.
Кезінде сұлтандар осы тағамды арнайы істетіп, сорпасын өздері ішетін болған. өйткенi ол пайдалы.
Ас болсын!

Яндекс.Метрика