Бауырдан торт

Құрамы:
Бауыр 300гр
Ұн 100гр
Сұйық май 100мл
Қаймақ 2ас қасық
Жұмыртқа 2дана
Тұз
Бұрыш
Пияз 2дана
Сəбіз 2дана
Сарымсақ 3түйір
Майонез
Дайындалуы:

Бауырды еттартқыш немесе блендерден өткізесіз. Үстіне жұмыртқаны, қаймақты, ұнды, тұз бен бұрышты салып жақсылап араластырыңыз. Сосын сұйық майды құйып біркелкі массаға айналғанша тағы араластырыңыз. Табаға құйып қасықпен жайып екі жағынан пісіріп аласыз (бірнеше корждар шығады. Менде 7-еуі шықты)  Сəбізді үккіштен өткізіп,пиязды турап екеуін майға қуырып аламыз. Тұз бен бұрышын салып суытып қоямыз. Сарымсақты майдалап турап майонезбен араластырамыз. Корждарға сарымсақты майонезді жұқалап жағып,үстіне начинкамызды саламыз. Корждарды осылай жинаймыз.

Яндекс.Метрика