5-6 адамға арналған

Құрамы:

Етті бөлігіне:

Фарш — 400 — 500 гр.
Жұмыртқа — 1 дана
Тұз
Қара бұрыш

Фаршты жаю үшін:

Ұн
Фрашты аунату үшін:
Жұмыртқа — 5 дана

Арасына:

Майонез
Чеснок— 1 түйір
Тұз
Қара бұрыш

Салатына:

Қызанақ — 1 дана
Қияр — 1 дана
Тұз
Қара бұрыш

Үстіне:

Кетчуп
Майонез

1. Майсыз фаршымызға тұз, қара бұрыш, жұмыртқа салып араластырамыз. Әбден қолымызбен біркелкі болғанша езгілейміз, домалақтап қоямыз.

2. Тақтайға молынан ұн сеуіп, домалақтанған фаршымызды ұнға аунатып алып, оқтаумен жаямыз. Ұнды әлсін-әлсін сеуіп тұру керек, әйтпесе фарш оқтауға жабысып қалады. Жұқа қылып, табаның пішінімен бірдей қылып жайғаннан кейін, тәрелкеге бір жұмыртқаны жарып, үстіне бір шымшым тұз сеуіп, шанышқымен араластырып, жайған фаршымызды жұмыртқаның үстіне саламыз. Барлық жеріне, яғни фарштың астыңғы бөлігіне жұмыртқа жайылу керек.

3. Табамызды майлап, оттың үстіне қойып, қызғаннан кейін, жұмыртқаның бетіне қойылған жайылған фаршты дәл сол күйінде, аудармай табамызға саламыз. Отты баяулатып, 1-2 минут 2 жағын қуырып аламыз. Қуырылған фарштың пісу барысында барлық сөлі ағып, өз пішінін кішірейтеді, сондықтан жұқарақ қылып жаюда пайда бар!

4. Ортасына майонез дайындаймыз, ол үшін майонезге 1 езілген сарымсақ, тұз, қара бұрыш салып, араластырамыз.

Салатына қияр мен қызанақты ұсақтап, төрт бұрышты етіп турап, бұрыш, тұз салып, араластырамыз.

Қуырылған фаршымыздың жұмыртқа жағын сыртына қаратып, ішкі бөлігне майонезімізді жағып, шетіне салатымыздан салып, ораймыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика