Буда піскен орама

Қамырына:

Сүт — 100гр.
Тұз — 0,5ш.қ.
Куркума — 1ш.қ. (қалауыңыз бойынша, мен бояуыш ретінде қолдандым, қамырға сары түс береді).
Ұн керегінше.

Салмасына:

Сəбіз — 1шт.
Пекиндік қырыққабат — 100гр.
Аскөк.
Көкпияз — 0,5бумасы.
Тұз шым-шым.
Сұйық май. (Қамырды майлау үшін).

Дайындалуы:

Сүтке куркума мен тұзды қосып жақсылап араластырыңыз. Қамырды қатты илеп, біраз уақыт демалдырыңыз. Қамырды барынша жұқа етіп жайып, сұйық майды жағамыз. Үккіштен өткізілген сəбізді және ұсақ туралған көкөністерді,тұзды жақсы араластырып жайылған қамырға саламыз. Қамырды рулет етіп орап, майланған мантоваркаға салып 25 минут пісіреміз.
P.S. Салмасын өз еркіңізбен өзгертуге болады.
Астарыңыз дәмді болсын!

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика