Добош торты

Қамырға:

6 шт жұмыртқа
120 гр қант
1 пачка ванилин
150 гр ұн
80 гр сары май

Кремге:

250 гр сары май
200 гр қант ұнтағы
2 ас қасық какао ұнтағы
2 шт жұмыртқа
1 ас қасық коньяк

Торт бетіне (глазурь):

200 гр қант ұнтағы
50 гр сары май

Қамырының жасалауы:

Бисквит камыры секілді етіп дайындаймыз. Жұмыртқаны қант пен ванилин қосып, ак түске енгенге дейін шайқаймыз. Ұнды, майды қосып жақсылап араластырамыз. Формаға май жағып, түбіңе аздап ұн себеміз. Қамырды формаға құйып, бірдей 6-8 корждар пісіреміз (форманың көлеміне байланысты). Әрбір корждарды пісіргенде форманы майлап тұрамыз. Корждар 200 градуста 4-5 минут піседі. Ен бастысы асыра қатты пісіріп алмау керек. Әйтпесе қатты болып қалады.

Крем:

3. Жұмыртқа, қант ұнтағы, какаоны жақсылап шайқап, сулы табаққа салып, қою болғанға дейін қайнатамыз. Оттан түсіреміз де, Коньяк қосып шайқаймыз. Сары майды қасықтап қосып отырып, шайқап отырамыз. Үстіңгісінен басқасын барлық корждарға крем жағып шығамыз.

Глазурь:

4. Табаға маймен қант ұнтағын араластырып салып, қою ашық қоңыр түске енгенге дейін қайнатамыз. Глазурьды торт бетіне құйып, жылдам пышақпен тегістейміз. Шамамен 10 сағатқа тоңазытқышка қойып қоямыз. Торт дайын. Ас дәмді болсын!

Яндекс.Метрика