Духовкада пісірілген жаркое

Қажетті заттар:
500 гр ет
1 кг картоп
2 пияз
1 сәбіз
қара бұрыш
тұз
өсімдік майы
200 мл су

Жасалуы:
картоп пен етті үлкен бөлікте тураңыз
пиязды жарты шар етіп тураңыз.
Сәбізді таяқша (палауга арналган сабыз секылды) етып тураңыз.
Формаға тұздалған картопты салыңыз,
онын үстінен сәбіз бен пиязды қойыңыз
қара бұрыш себіңіз,соңынан тұздалған етті қойыңыз.
Үстінен өсімдік майын қажетті мөлшерде құйыңыз,
сосын суды құйыңыз,
адын ала ысытылған духовкада, 180 градуста, 30 минут пісіріңіз.
30 минуттан соң форманы духовкадан алып ішіндегілерін араластырыңыз, форманың бетін жабыңыз,
қайтадан духовкаға 30 минутқа койыңыз
30 минуттан соң, духовканы өшіріп, бетін ашып форманы солай 10 минутқа қалдырыңыз

Жаркое дайын! Ас дәмді болсын!

Яндекс.Метрика