Эскимо торты

Креміне:

Сут 250гр (2, 5%)
Секер 180гр
Ұн 60гр
Жұмыртқаның сарысы 3 шт
Сарымай 150 гр( 82, 5%)
Ванилин шым-шым.

Бисквитке:
Жұмыртқа 6 шт
Секер 300 гр
Сүт 150 гр (2, 5%)
Сары май 150 гр (72, 5%)
Какао 60 гр
Ұн 270 гр
Қопсытқыш 2 ш.к

Кремін дайындайсыз:

Сут, секерді араластырып, оған араласқан сарыуызды салып, ұнымызды салып барлығын жақсы етіп венчикпен араластырасыз. Отқа қойып үнемі араластырып отырасыз. Араластыруды тоқтатпайсыз қоюланғанша. Қоюланғаннан кейін, баска ыдысқа салып, бетін кремнің үстіне жапсырып, салафанмен жауып қоясыз суығанша. 6 жұмыртқаны миксерлеп, секерді себелеп тұрасыз мексерлеуді тоқтатпайсыз екі есе көбейгенше.  Ыдысқа маймен сүтті ерітесіз отқа. Жұмыртқа мен секердің үстін сүтпен майды құйып араластырамыз ВЕНЧИКПЕН (Миксер қолданбаймыз)  Ұн, какао, қопсытқышты сетадан өткізіп, жақсылап венчикпен араластырып екі формаға бөліп құямыз.170* 35-40 мин пісіреміз.  Суыған кремге май (82, 5%)Ванилин салып миксерлейміз ағарғанша. Крем дайын.
Бисквит жұмсақ болуы үшін сүтке секерді ерітіп, суыған бисквит бетіне щеткамен жағып шығамыз. Бисквитті суытып, ортасына бөліп , 2 корждан 4 корж шығарамыз.Тортты крем жағып жинаймыз.
Мұздатқышқа 1 саг қоямыз. Бетіне май мен шоколад ерітіп, құямыз да тоңазытқышқа 3 сағатқа қоямыз. Сосын ұсынамыз. Ас болсын!

Яндекс.Метрика