Французша тауық котлеттері

Қоспалары:

— 900 гр тауық кеудешесі филесі
— 5 жұмыртқа
— 1 ас қасық майонез
— 2 ас қасық толтырып ұн
— 1/2 бума көк жуа
— Тұз, бұрыш
— Өсімдік майы

Дайындалуы:

Тауық филесін 5 мм етіп майдалап тураңыз. Тұз, бұрыш, жұмыртқа жəне майонез қосып, жақсылап араластырыңыз. Майдалап туралған пияз жəне ұнды қосып, тағы араластырыңыз. Ұнның қоюлығы клярға ұқсаған болуы керек. Қыздырылған табаға ас қасықпен құйыңыз, екі жағынан да қуырыңыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика