Фунчозо салаты

Керекті өнімдер:
100 г фунчоза вермешелі
30 г (1 пакет) арнайы фунчоза дәмдеуіші
100 г қияр
70 г сәбіз
30 г болгар бұрышы
1 сарымсақ тісі
20 г кез-келген аскөк

Дайындалуы:

Сәбізді үккіштен өткізіп, суы шыққанша езгілеу керек (2-3 минут) .Фунчоза вермешелін 5-7 минут ыстық суда қалдырамыз. Қияр мен блогар бұрышын ұзынша етіп турап аламыз. Аскөк пен сарымсақты майда етіп тураймыз. Шұңғыл ыдысқа бар өнімдерді-сәбіз, болгар бұрышы, аскөк, сарымсақ, фунчоузаны салып, қызған өсімдік майына араластырылған арнайы дәмдеуішті саламыз, жақсылап араластырамыз.Жақсылап сіңуі үшін екі сағатқа қалдырыңыз. Дайын салатты дастарханға ұсына беруіңізге болады.

Яндекс.Метрика