Хворост балмен

Қажетті заттар:

Сүт жылы – 250 мл
Жұмыртқа  – 2 шт
Қаймақ – 50гр
Май – 60гр
Ас содасы –  0.5 шәй қасық
Тұз шымшым

Сироп үшін:

Қант 300 гр
Су 200 мл
1 ас қасық бал
Ұн

Қуыру үшін сұйық май

Себу үшін орех, қант пудрасы. Қалауыңыз бойынша.

Дайындалуы:

Барлық ингредиенттерді қосып қамыр илейміз. Қамыр қатты болу керек. Әйтпесе жабысып қалады. Илеп 30 мин бетін жауып қоя тұрамыз. Қамырды екі бөліп жаямыз. Мына құрамнан көп шығады. Мен барлығын екі есеге азайттым. Қамырды жайып рулет етіп ораймыз да кесеміз. (Сурет Интер алынган) суреттегідей. Мен жартысын пышақпен жартысын арамен кестім. Қайсы бар сомен кесеміз. Қайнап тұрған майға қуырып аламыз. Шанышқымен айналдырсаныз арасы ашылады. Ыдысымыз астына қағаз төсеп артық майын тамызып жиберемиз.

Сиропты дайындау үшін:
Суға қантты салып, еріген соң 1 қасық бал салып араластырып. Кишкене отта қайнатып, сөндіріп тастаймыз. Әлі суымаған хворостарымызды батырып алып, тағы да артық сиропты ағызып жібереміз. Қалауыңыз бойынша орех, қант пудрасын себеміз.

Яндекс.Метрика