Палау дайындау


Құрамы:

4 үлкен сәбіз
2 үлкен пияз
1 кг қой еті
2 сарымсақ
жарты стакан сұйық май
1,5 ш.қ. шафран, жарты қасық зира
1 ш.қ. тмин
900 гр “Ақ маржан” күріші
5-7 стакан су
1 ас қасық тұз
қара бұрыш
Дайындалуы:
Сәбізді ұзынша етіп тұраңыз. Пиязды жарты шеңберлеп тұраңыз. Қазанға май құйып, қыздырыңыз. Пияздың бір-екі үлкен тілімін майға жақсылап күйдіріп алыңыз. Дәмі шығуы үшін. Күйген пияздарды сүзіп тастаңыз. Майға пияз бен етті кезек кезегімен қуырыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. 15 минуттай қуырылған етке сәбіз қосып, сәбіз жұмсарғанға дейін қуырыңыз. Шафран қосыңыз. Сарымсақты аршып (немесе аршымай бірақ жақсылап жуып), етке қосыңыз. Зира мен тмин қосыңыз. Бір екі араластырып, қайнаған су құйыңыз. Бір қайнатып, астын бәсейтіңіз. Осындай жәй отта 40 минуттай бұқтырыңыз. Күрішті тазалап, кем дегенде 3 рет жақсылап жуыңыз. Ыстық суға жібітіңіз. Қазанның астын көтеріп, күрішті сеуіп салыңыз. Ет астында қалуы қажет. Бір қайнатып алып, астын бәсейтіңіз. Күріштің үстінен су толық тартылуы керек. Күрішті ортаға қарай жиыңыз. Тартылған кезде, ағаш қасықтың ұзын сабымен бірнеше жерінен астына дейін тесіңіз. Судың толық тартылуы үшін. Күріштің үстіне зирадан сеуіп, қазанның үстін нықтылап жауып қойып 15-20 минуттай палау піскенге дейін қойып қоямыз. Піскен кезде қазанды дереу ашпай, біраз күтіп ашыңыз.

Яндекс.Метрика