Пеште піскен ет

Қажет азық-түліктер тізімі:

— кілегей маргарині;
— 700 г картоп;
— 7-8 қабырға;
— 2 көк болгар бұрышы;
— 2 қызыл болгар бұрышы;
— қара бұрыш;
— дәмдеуіштер;
— тұз;
— 5 чили бұрышы.

Дайындау жолы:

1. Кілегей маргаринін бөлме температурасында ерітеміз. Артынша қызып тұрған табаға салып ерітеміз. Еріген майды табаққа құямыз.
Үстіне қара бұрыш себеміз. Дәмдеуіштер себеміз. Чили бұрышын майдалап турап қосамыз. Бетіне тұз себуді ұмытпаймыз.
2. Қабырғаларды бірнеше бөлікке бөліп, жақсылап жуамыз. Жоғарыдағы бұрыш пен дәмдеуіш қосылған маргаринге саламыз.
Жақсылап араластырамыз. Пеш ыдысының жартысына саламыз.
Көкөністерді аршып, жақсылап жуамыз.
3. Картопты тураймыз. Оны да жоғарыдағы маргаринге саламыз. Болгар бұрышын тураймыз. Қызыл бұрышты тураймыз. Бұрыштарды картоптың үстіне салып, бірге араластырамыз. Жақсылап араластырған соң, пеш ыдысының екінші бөлігіне саламыз. Бетін жұқалтыр қағазбен жабамыз.
4. 15-20 минут 180 градуста қызып тұрған пеште пісіріп, артынша отты азайтамыз. Жалпы 1 сағат пісіреміз. Тамағымыз дайын. Тарелкаға салып, шетіне қияр мен қызанақ қойып безендіреміз.
Астарыңыз дәмді болсын!

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика