Сүт безі ауруы

Елімізде соңғы кезде әйелдердің сүт безі ауруы белең алып барады. Кейінгі жылдары оның көбейгендігі соншалық жас келіншектер арасында да осы дертке шалдыққандар кездесіп қалады. Дәрігерлер 60-70 пайызға дейінгі ана атануға қабілетті әйелдердің дер кезінде мамандардың кеңесіне жүгінбейтіндігінің салдарынан орын алатындығын айтып отыр. Сүт безінің рагін алдын-алу үшін мастопатияны анықтап, дереу емдету керек. Мастопатия сүт безінің организмдегі гормоналды тепе-теңдіктің бұзылуы салдарынан болады.

Сүт безінің рагы, Емшек рагы, Омырау рагі
blackpantera.ru

Аналық безі, бауыр, қалқанша безі, бауыр аурулары да сүт безі дертіне алып келеді. Бала туған, көп түсік жасатқан, аналық бездерінде қабынуы бар әйелдерде жиі кездеседі. Оған қоса, анасы немесе сіңлісі, әпкесі осы аурумен ауырса да тұқым қуалауы мүмкін. Қант диабеті, қалқанша безінің қызметі бұзылған, артық салмақтан зардап шегетіндер де дәрігердің қабылдауына барып тұруы керек.

Сүт безі ісігі қатерлі және қатерсіз (злокачественный, доброкачественный) болып екіге бөлінеді. Қайсысы болсын, қатерлі, қатерсізі болсын оның адам ағзасында пайда болуының өзі белгілі бір ауытқушылықтың белгісі саналады. Клеткалардың қызметі бұзылғаннан кейін, жан-жағына жылдам таралып, аурудың ошағын құрай бастайды. Бетімен кеткеннен соң көп кешікпей-ақ, қатерсіз ісікке айналады. Бір қарағанда залалсыз көрінгенімен, қатерсіз дерт асқынса, келесі сатыға, яғни қатерлі ісікке айналады. Оны емдеу қиынға соғады. Бұл ісік қысқа уақыттың ішінде жан-жағындағы барлық ағзаларға тамыр жая бастайды. Екеуінде де ешқандай ауырсыну болмайтындықтан, дерттің асқынғанын аңғармай қалуыңыз мүмкін.

Сүт безі ауруын тек маммолог-дәрігер арнайы құрылғылардың көмегімен ғана анықтай алады. Бастапқы кезеңін үй жағдайында да білуге болады. Етеккір келгеннен кейін он шақты күннен соң айна алдында тұрып, бір қолды жоғары көтеріп, екінші қолмен көкіректі, қолтықтың аймағын уқалап көру керек. Егер қандай да бір түйін байқалса, дереу маммологқа жүгініңіз. Сүт безі ісінсе, сүт безі обырына (рак) айналып кетеді. Обырдың соңы көбіне-көп өліммен аяқталатынын бәріміз білеміз. Сондықтан, уақытыңызды өткізіп алмай ем-домға кірісіңіз. Тек дәрігердің қатаң қадағалауымен.

Шетелде сүт безі ауруына ұшырайтындардың саны өте сирек. Өйткені, ондағылар, салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Ауруды емдегеннен гөрі алдын-алу әрі арзан, әрі пайдалы екендігін түсінген. Егер сіз дәрігер – маммологтың кабинетіне соңғы рет 1 жыл бұрын кірген болсаңыз, бұл — тез арада емханаға баратын мезгілдің жеткені деген сөз.

Есіңізде болсын! Cүт безін асқындырмай емдесе, 80-90 пайыз науқастар айығып шығады.

Яндекс.Метрика