Түрік пиццасы Лахмаджун

Қамырына:

Ұн -3-4 стақан
Су (жылы) — 1 стақан
Сұйық май — 2 ас қасық
Ашытқы — 1 шай қасық
Қант — 1 шай қасық
Тұз -1 аса қасық

Салмасы:

Фарш — 250 гр
Пияз — 1 дана
Томат пастасы -1 ас қасық
Тәтті бұрыш(жасыл, қызыл) — 1 данадан
Сарымсақ — 2-3 дана
Қызанақ(помидор) 1- 2 дана
Қара бұрыш
Тұз

Піскеннен кейін қосып жеуге және әсемдеу үшін:

Аскөк
Ақжелкен
Пияз
Лимон
Қызанақ

Дайындалуы:

1)Ұнға, ашытқы, тұз, қант, май су құйып, қамыр илейміз
2)фаршқа пиязды, тәтті бұрыштарды, сарымсақты, қызынақты ұсақтап турап, томат, тұз, бұрыш салып, араластырамыз
3)Қамырымызды 3-4 бөлікке бөліп, жұқа қылып жаямыз
4)Қалыпқа (противень) пергамент төсейміз, қамырды Қалыпқа жайғастырамыз, қамырымыздың үстіне фаршымызды салып, жайғастырамыз

200C-та қызарғанша пісіреміз
Піскен лахмаджунды екіге бөліп үстіне
Пиязды жұқалап турап, аскөк, ақжелкенімізді турап, қызанақты жартылай дөңгелектеп тураймыз үстіне лимон сығып жейміз, дәмі мммммм керемет!!!

­

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика