Тефтели үшін:
* Сиыр фаршы — 500 гр;
* Күріш — 60гр;
* Жұмыртқа — 2 дана;
* Жуа — 1 дана;
* Сәбіз — 1 дана;
* Томат пастаса — 2 ас қасық;
* Қаймақ — 2 ас қасық;
* Өсімдік май;
* Дәміне қарай тұз, бұрыш, бәмдеуіштер;

✔ Дайындау жолы:

✔ 1. Сәбізді үккіштен өткізіп, пиязды майда етіп тураймыз. Пиязды сәбізбен бірге алтын түске енгенше майға қуырамыз. Пияз күйіп кетпеуі керек. Күрішті жуып, салқын су құйып, тұздап пісіріп аламыз (су күріш деңгейінен екі елі асып тұруы керек). Фаршқа қуырылған пияз-сәбізді, күрішті, жұмыртқаны, дәмдеуіштерді салып, араластырамыз.

✔ 2. Дайын болған фарштан дөңгелек пішіндер жасаймыз. Табаны қыздырып, өсімдік майына тефтелилерді екі жағын қызартып қуырып аламыз. Қуырылған тефтелилерді кастрюлге орналастырып шығамыз. Томат пастасы мен қаймақты араластырып, үстінен 0,5 литр су құямыз. Дайын соусты тефтели үстінен құямыз. Тефтели бетін біркелкі жауып тұрғаны жөн. Баяу отта бұқтырамыз. Дастарханға ыстықтай ұсыныңыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика