Тефтели

Керекті заттар:

Ет (фарш) 0,5кг
күріш 100гр
пияз
тұз
қара бұрыш
жұмыртқа 1дана
пияз 1дана
сəбіз 1дана
томат 2-3а.қ немесе томат шырыны 1,5ст
су 1,5ст

Дайындау жолы:

1. Күрішті жуып, ыстық суда 5минуттай бұқтырамыз. Етке жұмыртқаны, тұз, қара бұрыш, бұқтырылған күрішті қосып араластырамыз. Одан кішкентай домалақ шарлар əзірлеп, биіктеу қалыпқа (формаға) орналастырамыз. Пияз бен сəбізді қуырып аламыз.

2. Оған томат қосып араластырып, су құямыз. Оны 5-7 минут қайнатамыз. Қайнаған сұйықтықты еттің үстіне құямыз. Қалыптың бетін фольгамен орап 190-200°та қызған пеште 25-30минут пісіреміз. Ол уақытта қалаған гарнирді пісіріп, əсемдеп ұсынамыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика