Жеміс салаты

 


Бізге керегі:

Ананас 1 дана
Банан 1 дана
Апельсин 1 дана
Алма 1 дана
Киви 1 дана
Құлпынай 1 дана
Қант ұнтағы 2 ас қасық
Лимон шырыны 2 ас қасық
Жалбыз
Бүлдірген 20 г

Салаттың жасалуы:

Ананасты алып екі бөлікке бөлеміз. Ортасындағы жұмсақ жерлерін жаймен алып, кубиктеп тураймыз. Енді басқа жемістерді тазалап , барлығын орташа қылып тураймыз. Дайын кесілген жемістерге лимон шырынын қосып, қант ұнтағын сеуіп ананастын астыңғы бөлігіне саламыз. Енді салаттың бетіне құлпынайды салып,жалбыз жапырағымен сәндеп қоямыз.

 

Яндекс.Метрика