Жидек десерті

 

Құрамы:

1/3 стақан майлылығы 10 пайыз болатын кілегей;
1 ас қасық желатин;
2 стақан сүт;
100 гр қант үгіндісі керек болады.
Соусын дайындау үшін:
250 гр мұздатылған жидек;
1,5 стақан қант;
1 қалташа ванильды қант;
жалбыз (безендіру үшін) керек.
Дайындау жолы:
1. Желатинді табаққа сеуіп, 1/3 стақан салқын кілегей қосыңыз. Желатин көтерілгенше күтіңіз.
2. Қалған кілегейді сүт, қант үгіндісімен араластырыңыз. Орташа отқа қойып, қайнатыңыз.
3. Оттан алып, суытыңыз. Көтерілген желатинді қосып, жақсылап араластырыңыз. Желатин толықтай еріп кетуі керек.
4. Қоспаны пішіндерге құйып, жылытыңыз. Ас пленкасымен қаптап, тоңазытқышқа салып қойыңыз. 5-6 сағатқа қалдырыңыз.
5. Соус дайындаңыз. Табаға 1 стақан су құйып, қант пен ваниль қосыңыз. Қайнаған соң, отты баяулатып, 10 минут қайнатыңыз.
6. Жидектерді ерітіп, соусқа қосыңыз. Араластырып, қақпағын жауып, суытыңыз.
7. Панна коттаны пішіннен тәрелкеге төңкеріп, 1-2 минуттан соң соус құйыңыз. Жалбызбен безендіріп, дастарқанға қойыңыз.
Ас болсын!

Яндекс.Метрика