«8-наурыз» салаты

Бізге керегі:

    • 3 дана майшабақ
    • 6 дана кішірек каротоп
    • 2 сәбіз
    • 4 дана қызылша
    • 2 дана пияз
    • 2 дана жұмыртқа
    • Майонез

Бетін әрлеу үшін:

      • Уылдырық
      • Аскөк

Салаттар дайындау суретімен:
Майшабақты алып тазалап қылтықтарын алып, мйдалап тураймыз.Сәбіз, картоп және сәбізімізді қайнатып алып үкіштен өткіземіз. Пиязды майдалап тураймыз. Жұмыртқамызды да қайнатып үкіштен өткіземіз.
Енді ұзынша үлкендеу тарелканы алып онын екі жеріне екі стакан қоямыз. Стаканымыздың бірін кіші бірі үлкен болуы керек .
Енді рет ретімен стаканды айналдыра саламыз.
Ең алдымен картоп, майшабақ, пияз, сәбіз, қызылша әр қайсысының арасына майонез жағамыз. енді дәл осылай қайталап шығамыз. Стаканымызды аламыз. Ең үстінгі қабатына жақсылап майонез жағамыз. Дайын салатымызды тоңазтқышқа қоямыз. Дастарханға салатымызды қоярда бетін жақсылап уылдырықпен және аскөкпен әрлейміз.

Яндекс.Метрика