Асқабақ қосылған манты

Бізге керегі:

  • Ет — 300 қой еті
  • Пияз — 5дана
  • Асқабақ — 500 гр
  • Тұз бен бұрыш дәміне қарай

Қамырына:

  • Жұмыртқа — 2 дана
  • Ұн — 2 стақан
  • Салқын су — 1 стақан

Дайындалу әдісі:
Етті майдалап тураймыз. Пияз, асқабақты да майдалап турап, етті қосып тұз бен бұрыш салып жақсылап араластырамыз. Енді қамырын дайындап аламыз. Шұңқырлау ыдысқа жұмыртқаны салып су құйып араластырамыз. Енді тұз ұн салып, жақсылап қамырымзды илейміз де жарты сағатқа бетін жауып қоямыз. Жарты сағаттан соң қамырымызды жайып, тортбұрыштап кесеміз де ішіне салмасын салып, мантымызды бүгеміз. Енді манты пісіретін кастрюльдің әр қалпына май жағып, түйілген мантыларды саламыз.
Манты пісіретін кастрюльге су құйып, үстіне қалыптарын қойып, отымызды орташа қылып 40 минут пісіреміз.
Тұздығын өз қалауыңызша дайындауыңызға да болады. Мантымыз піскен соң тұздықты құйып, аскөк сеуіп дастарханға қоямыз.

Яндекс.Метрика