Бауырдан жасалынған торт

Керекті азық-түлік:
. Жас малдың бауыры.
. Жуа(лук) — 1 шт.
. Жұмыртқа — 2 шт.
. Сүт — 1 стакан.
. Ұн — 1 стакан.
. Сұйық май — 4 ас қасық.
. Тұз, қара бұрыш — қалауыңызша.
. Салмасына
. Сәбіз(шикілей) — 2 шт.
. Сарымсақ(чеснок) — 6-7 түйірі.
. Майонез — 1 шт.
. Аскөк. .

Жасалуы:

. Бауырды, жуаны еттартқыштан өткізіп немесе блендрмен араластырып, үстіне сүт пен жұмыртқа және татымына қарай тұз, қара бұрыш, сұйық май құйып, араластырып тұрып, ұнды себелеп салып, біркелкі араластырыңыз.
Сосын табаны майлап, кішкене ожау қасықпен құйып, құймақ тәріздес етіп пісіріп ала бересіз. Жалпы 1 қойдың бауырынан 20-25 шт бауыр құймақ шығу керек.
. Сосын ортасына начинка дайындайсыз. Енді оны әркім әрқалай дайындайды. Мен асығыс болғасын сәбіз бен сарымсақты үккіштен өткізіп, үстіне майонез салып араластырып, құймақтардың орталарына жұқалап жағып шықтым, сосын бетіне аз-маз суреттегідей аскөк септім. Егер асығыс болмасаңыз, сәбіз бен жуаны майға тұз, бұрышын салып қуырып сосын сарымсақпен майонезді бөлек араластырып, бірінші бауыр құймақты қойып, сарымсақ араласқан майонезді жағып, сосын үстіне қуырылған сәбіз бен жуаны жағып, үстіне бауырды қойып, осы ретпен жалғастыра бересіз …жалпы 5-6 қатар болғаны жақсы
Асыңыз дәмді болсын!
.
ЕСКЕРТУ: жалпы мен бауыр құймақты қойдың, ешкінің, сиырдың бауырынан жасағанды жақсы көремін. Себебі, ол бауырлар жұмсақ болып келеді, сондықтан Сіздерге құлаққағыс болсын деп айтып жатырмын..

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика