«Чёрный принц » торты

Торттың нанын дайындау үшін:

?2 жұмыртқа
?2 немесе 1,5 стакан шекер
?2 стакан кефир
?2 ас қасық какао
?2 стакан електен өткен ұн
?2 шай қасық сода (қасықтың бетімен)

Крем үшін:
?сары май 200 гр
?қаймақ 20%-25% 250 гр
?шекер немесе шекер пудра 0,5 стакан
?шоколад безендіруге

Жұмыртқа мен шекерді көлемді етіп миксермен қозғаңыз. Кефир құйып, какао себіңіз. Бір келкі болғанша араластырып, ұн жəне сода себіңіз. Қамырды екі бөлікке бөліңіз. 21 см қалыпқа пісіріңіз. Астына пергаментті қағаз төсеңіз.
180 градуста пісіріңіз (мен 40 минут пісірдім) Дайын болған соң суытамыз, əрқайссын екі нан қылып кесеміз. Толықтай суытуға қоямыз!
Сол аралықта крем дайындаймыз: сары майды шекермен немесе шекер пудрасымен миксермен қозғаймыз, қаймақ қосып, тағы араластырамыз. Ары қарай тортты жинап, шоколад ұнтақтарымен безендіреміз. Үй жағдайындағы оңай əрі жеңіл торт дайын!

Яндекс.Метрика