Етпен кеспе

Керек заттар:
тартылған ет (адам санына карай)
пияз 2 дана
сәбіз 1 дана
кызанақ (мен қосқан жоқпын)
картоп 1 дана
Қамырына:
ұн
тұз
су
жасалуы:
Алдымен көз мөлшерімен ұн,тұз,су косып,бешбармаққа илегендей қамыр илеп 15минутқа демалдырып қойыңыз!
Содан соң,тартылған етке 1 жуамызды майдалап турап,тұз,бұрышын салып араластырып, дөңгелектеп жасап бір ыдысқа тізіп қойыңыз!
Ыдысыңызға сұйық май құйып қызған соң жуамызды салып қуырамыз! жуамыз сарғыш туске енген соң сәбізімізді үккіштен өткізіп саламыз. Үстіне кызанақты майдалап турап, тұзын салып,жәй отқа қойып 5минуттай бұқтырамыз!су құямыз.қайнаған соң дайын тефтелилерімізді салып бір қайнатып аламыз! Сосын картошкамызды төртбұрышты етіп турап, сорпаға салып жәй қайнатып аласыз!
жаңағы наныңызды жұқалап жәйіп, арасына ұн сала отырып кеспе етіп кесіңіз (дайын кеспе пайдалансаңызда болады брақ, қолдың кеспесінің дәмі бөлек)
Қайнап жатқан сорпаңызға кеспеңізді салып пісіріп аласыз үйіңіздегі енді тамақ жеп жүрген балаларға берсеңізде болады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика