«Фунчоза» салаты

Құрамы:

? арнайы фунчоза вермешелі;
? 2-3 қызанақ;
? 2 сәбіз,жуа ;
? 300 гр фарш (немесе қой еті);
? 3 болгар бұрышы (үш түсті);
? аскөк,ақжелкен;
? сұйық май, тұз, бұрыш, лавр жапырағы;
? фунчозаға арналған дәмдеуіш;

Көкөністерді әбден тазартып, жақсылап жуамыз.

Олардың барлығын ұзын әрі жіңішке етіп турап шығамыз. Сәбіз үшін үккіш пайдалануға болады.

Алдымен пиязды, кейін қызанақты, етті жақсылап қуырамыз.

Оған фунчозаға арналған дәмдеуішті, бұрышты, лавр жапырағын саламыз.

Болгар бұрышы мен сәбіз езіліп кетпес үшін ең соңында саламыз да, араластырмастан бетін жауып, отты жай басамыз.

15-20 минуттан кейін аскөк пен ақжелкенді салып, 5 минуттан соң, отты өшіреміз.

Шұңғыл ыдысқа фунчоза вермешелін салып, қайнап тұрған суды қоямыз да, 10-15 минут бұқтырып қоямыз.

Дайын болғаннан кейін, фунчозаны 1-2 рет мұздай суға салып, сүзіп аламыз да, құрғақ ыдысқа саламыз.

Оның бетіне дәмқосарды салып, жақсылап араластырып шығамыз, тағы да аздап аскөк салуға болады.
Фунчоза дайын.

Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика