Керектілер:

200 гр. баялды Дәміне қарай тұз, бұрыш салынады. 500 гр. картоп 3 тіс сарымсақ 8 дана жұмыртқа 250 гр. қаймақ 500 гр. гүлді қырыққабат Тұз, бұрыш 250 гр. картоп 150 гр. қатты ірімшік 250 гр. кілегей 1 дана жұмыртқа 0,5 шай қасық кептірілген сарымсақ

Дайындалу тәсілі:

Баялды мен картоптан әзірленетін дәмді пісірме өте тойымды тағам болмақ. Сондықтан да алдымен қажетті өнімдерді дайындап алыңыз. Содан соң баялдыны, картопты ұзыншалап турап аласыз. Туралған баялды мен картопты бір ыдысқа салып, тұз бен бұрышты қосамыз да, араластырамыз. Кептірілген сарымсақты салып, барлығын тағы бір рет араластыру керек. Пісірмеге арналған ыдысты майлап, оған баялды араласпасын саламыз. Енді сырды үккіштен өткізіп, аламыз. Содан соң кілегей мен жұмыртқаны араластырып, сырдың 1/3 бөлігін саламыз. Дайын болған құйманы көкөністер араласпасына құйып, 180 градусқа қыздырылған пешке салу керек. 20-30 минуттан соң пісірмені алып, бетіне қалған сырды себелейміз де, тағы да 10 минут пеште ұстаймыз. Сонда пісірме де дайын болады. Испандық пісірме Керектілер: 500 гр. картоп 150 гр. сыр 200 гр. колбаса 1-2 дана болгар бұрышы 1 дана пияз Тұз, бұрыш 3 тіс сарымсақ 1-2 ас қасық өсімдік майы 8 дана жұмыртқа 250 гр. қаймақ Дайындалу тәсілі: Ең алдымен картопты аршып алыңыз. Содан соң қалыңдығын 0,5 сантиметрдей етіп, дөңгелектеп турайсыз. Туралған картопты кастрөлге салып, су құясыз да отқа қойып қайнатасыз. Шым-шым тұз салып, 5-7 минуттай қайнату керек. Енді сырды үккіштен өткізіңіз, колбасаны текшелеп тураңыз. Болгар бұрышын да ұзыншалап турап, сарымсақ пен пиязды майдалайсыз. Табаны отқа қойып қыздырып, болгар бұрышын, сарымсақ пен пиязды майға қуырып аласыз. 7 минуттай уақыт өткенде картоп пен қуырылған көкөністерді, шұжықты біріктіресіз. Азырақ тұз бен бұрыш салып, барлығын жақсылап араластыру қажет. Пісірмеге арналған форманы майлап, араласпаны сол ыдысқа саласыз да, қоя тұрасыз. Осы уақытта құйманы дайындап алған дұрыс. Ол үшін қаймақ пен жұмыртқаны араластырыңыз. Осы араласпаға үккіштен өткізілген сырдың жартысын алып, тұз бен бұрышты араластырасыз. Огсылайша дайындалған құйманы көкөністер салынған формаға құяды. Ал, бетіне қалған сырды себелеңіз. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, пісірмені пісіріп ала бересіз. 30-40 минутта пісірме де дайын болады. Гүлді қырыққабаттан пісірме дайындайық! Керектілер: 500 гр. гүлді қырыққабат 500-600 гр. картоп 2-3 дана жұмыртқа 350 мл сүт 30 гр. сары май 80 гр. қатты сыр Тұз, бұрыш Дайындалу тәсілі: Картоптарды аршып, кастрөлге саламыз да, су құйып қайнатамыз. Азырақ тұз салуға болады. 15 минуттан соң сүзіп алу керек. Гүлді қырыққабатты бірнеше бөліктерге бөліп, 10-15 минут тұзды суға салып қою керек. Содан соң гүлді қырыққабатты сүзіп алып, қайнап тұрған суға салыңыз. Гүлді қырыққабат қайнап жатқанда тұз салу керек. Қайнап шыққан көкөністерді сүзіп алып, суытады. Пісірмеге арналған форманы майлап, ең алдымен дөңгелектеп туралған картоптарды салып, тұз, бұрыш себесіз. Картоптың бетіне гүлді қырыққабатты саласыз. Сосын тағы да азырақ тұз себелейсіз. Сары майды жіңішкелеп турап, қырыққабаттың бетіне салады. Енді құйманы дайындауымыз қажет. Табаққа сүтті құйып, жұмыртқаны, тұзды салып, жақсылап көпіршітеміз. Дайын құйманы формаға құйып, бетіне сырды себелейміз. Пешті 190 градусқа дейін қыздырып, 30-40 минут пісіресіз. Гүлді қырыққабат пен картоп пісірмесі өте дәмді түскі ас болады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика